Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Комитет Басшылығы

Жаркенов Асқар Бекенұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары

Физико-математика ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: «Математикалық физиканың кейбір стандарт емес есептерінің шешімдерінің жүйелілігі туралы»), Жоғары аттестациялық комиссия доценті.

1957 жылғы 21 сәуірде Целиноград облысы Целиноград ауданы №26 кентінде туған.

1981

1981 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математикалық факультетін аяқтаған.

1981-1983

Целиноград  ауыл шаруашылығы институты жоғары математика кафедрасының ассистенті.

1983-1987

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті математика бөлімінің аспирантурасында оқу, кандидаттық диссертация қорғауға ұсынылды.

1987-1997

 АлИТТ Целиноград филиалының жалпы білім беру кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доцент, меңгерушісі.

1997-1999

Л. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің математикалық талдау және ықтималдықтар теориясы кафедрасының доценті.

1999-2000

 Медицина қызметтерін төлеу орталығы, Медициналық қызметтер басқармасы директорының орынбасары.

2000-2003

«Цеснобанк» АҚ бас менеджері, экономика-математикалық модельдеу мәселелері жөніндегі директоры, Директорлар кеңесінің мүшесі.

2003-2005

«Қазақстан инжиниринг» ҰК перспективалық даму департаментінің бас менеджері, Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару департаментінің директоры.

2005-2006

«Дербес секьюрити» АҚ  басқарушы директоры.

2006-2008

«Стройкласс» ЖШС қаржы директоры.

2008-2009

«БанкЦентрКредит» АҚ стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы, стратегиялық жоспарлау және маркетинг басқармасының бастығы.

2009-2016

Жоғары оқу орындарда оқытушылық жұмыс: Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық бизнес академиясы (Алматы).

2016

Мамыр айынан бастап – ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

Тізіміне оралу