Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар

Институт туралы

Институттың атқаратын қызметі мен мақсаты – зоология саласында іргелі және қолданбалы инновациялық зерттеулер жүргізу, Қазақстанның қазіргі жануарлар әлемі, сонымен қатар бұрынғы геологиялық дәуір фаунасы жайлы жаңа ғылыми мәліметтер алу, олардың эволюциясын зерттеу және қоршаған орта жағдайына байланысты популяция динамикасының заңдылығын анықтау, зерттеу нәтижелерінде алынған жаңа тиімді зерттемелерді енгізуге.

Институттың ірі ғылыми нәтижелері, соңғы жылдарда.

2012-2014 жылдары 11 ҒТБ орындалды. Коллекциялар жаңа материалдармен толықтырылды: энтомологиялық коллекция – 20180 дана, биобақылау зертханасының коллекциясы – 406 дана, гидробиология зертханасының коллекциясы – 135 бірлік, герпетологиялық коллекция – 74 жәшік, териологиялық коллекция – 23 дана, палеозоологиялық коллекция – 1000 үлгі. Коллекцияны сақтауға, оларды ғылыми, оқу, ағарту және т.б. мақсаттарда пайдалану шаралары жүзеге асырылды. Жұмыстың экономикалық маңызы. Зоологиялық коллекция зоологияның, ауыл шаруашылығының, медицина мен табиғатты қорғаудың ғылыми және практикалық мәселелерін шешуде үлкен маңызы болуымен анықталады.
2015 жылы РМК «Зоология институты» 9 гранттық жобамен жұмыс жүргізді, оның ішіндегі 3 жоба приоритеті «Тіршілік жайлы ғылым», 6 жоба приоритеті «Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, шикізат пен өнімдерді жасап шығару». 2 жоба – ғылыми-техникалық бағдарлама. Жалпы генетика және цитология институтымен «Каспийдің қазақстандық бөлігіндегі тұяқты жануарлардың аса қауіпті ауруларының және олардың тасымалдаушыларының қазіргі жағдайын биоэкологиялық бағалау» және Микробиология және вирусология институтымен «Каспий теңізінің жағалау аймағындағы зооценоз жағдайын бағалау және фаунаны сақтау шараларын жасау» жүргізілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірге Солтүстік Еуразияның XIV Халықаралық орнитологиялық конференциясы 2015 жылы 18-24 тамызда өткізілді.

3 ғылыми қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті: Крупа Е.Г. 25-31 мамыр 2015 жыл, Израиль, Эволюция институты, Хайфа қаласы; Иментай А.К. Бішкек қаласы (Қырғызстан), шілде 2015 жыл,  Бурцев Ю.М. қараша 2015 жылы Ресейде, Санкт-Петербург қаласында Зоология институтында, герпетология зертханасы.

Ғылыми зерттеу саласында шетелдік мемлекеттік, мемлекеттік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық.

Стэнфорд Университетімен (АҚШ) Зайсан ойпатының кайназой түзілістерін зерттеу бойынша ғылыми ынтымақтастық келісім жасалды.

Қазақстанда сұр кеселді зерттеу мен сақтау шараларын жасауда Ресейдің НПО «ДРОНТ» орталығымен ғылыми ынтымақтастықта жұмыс жүргізіліп жатыр. 
Өзбекстан Республикасы МемКомБиобақылау мамандарымен сұр кеселді зерттеуде ғылыми ынтымақтастықта жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Ресей Ғылым академиясы Зоология институтымен «Санкт-Петербург, Ресей) ғылыми ынтымақтастықта жұмыс жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақтасты аулында туған. Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі.

Мелдебеков Әлихан МелдебекұлыБірінші басшы

 Институт басылымдары:

 Атаулары

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

 Рейтингті журналдар

2

2

2

7

1

 Монографиялар мен  оқу құралдары

3

12

10

4

2

 Жақын шетел

20

15

18

103

8

 Қазақстан  Республикасы

20

14

23

15

6

 ЖАҚ

8

12

11

29

-

 G-Globol

27

-

 Барлығы

53

55

64

212

17


Тізіміне оралу