Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар

Институт туралы

Қызметінің мәні мен мақсаты: әдебиеттануда, фольклористикада және өнертануда Қазақстан Республикасының алдына қойылған спецификалық міндеттерді ескере отырып, фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Институттың 2012-2015 жылдар аралығындағы ірі ғылыми-өндірістік нәтижелері:

  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі» 100 томдық фольклорлық үлгілер шығару бойынша жұмыс аяқталды.
  • 34 томдық «Классикалық зерттеулер» сериясы шығарылды. Серия Қазақстанныңтанымал ғалым-әдебиеттанушыларының, фольклоршылары мен өнертанушыларының таңдаулы ғылыми еңбектерінен тұрады.
  • 5 томдық «Ұлы дала тұлғалары» сериясы (қазақ көркемсурет мәдениетінің танымал қайраткерлерінің шығармашылық өмірбаяны) шығарылды.
  • «Шетелдегі қазақтардың фольклоры, әдебиеті және өнері» (2012-2014 жж.) бағыты бойынша Институттың ғалымдары Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия елдеріне экспедиция жасап, қазақтың рухани мұрасынан көп материал жинады. ҒЗЖ нәтижесінде 4 монография жарық көрді.

«Қазақстан халқының фольклоры, әдебиеті және өнері» бағыты бойынша Институт этникааралық келісім әлеуетін, азаматтық ұқсастық, толеранттылық, барлық этникалық топтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. 2012-2014 жж. Институттың ғалымдары Қазақстан халқының ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіруге, этностар мен мәдениеттердің рухани туыстылығын ашуға және олардың этникааралық өзара іс-әрекетіне бағытталған фольклорын, әдебиетін және өнерін зерттеу бойынша фундаменталды зерттеулер жүзеге асырылды. 15 монография жарық көрді.

1948 жылғы 18 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Сергеевка аулында туған. Филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА мүшесі-корреспонденті.

Қалижанов Уәлихан
Қалижанұлы
Бірінші басшы

Институт жарияланымдары:

2012

2013

2014

2015

1

Жарияланымдардың жалпы саны

617

643

511

589

2

Отандық жарияланамыдар

544

574

465

552

3

Шетелдік жарияланымдар

73

69

46

37

4

Басып шығарылған кітаптар

40

56

44

10

Тізіміне оралу