Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


Қазақстанның математиктері ірі халықаралық математикалық конгреске қатысты

Қазақстанның математиктері ірі халықаралық математикалық конгреске қатысты

Қазақстанның математиктерінің делегациясы Португалияның Aveiro қаласында өткен «12th International ISAAC congress» атты ірі халықаралық математикалық конгресіне қатысты. 
 
The International Society for Analysis, its Applications and Computation (ISAAC)  1994 жылы «Талдау және оның қосымшалары» атты математикалық бағытты дамыту үшін  құрылған коммерциялық емес халықаралық ұйым болып табылады. ISAAC конгресі екі жылда бір өткізіледі. Конгрестер 1997 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Алдындағы ISAAC конгрестері Delaware, USA (1997); Fukuoka, Japan (1999); Berlin, Germany (2001); Toronto, Canada (2003); Catania, Italy (2005); Ankara, Turkey (2007); London, UK (2009); Moscow, Russia (2011); Krakow, Poland (2013); Macao, China (2015); Växjö, Sweden (2017) атты мемлекеттердің қалаларында болып өтті.

 Қазақстанның математиктері бұл конгрестерде 2007 жылдан бастап белсене қатысып келеді.  

12-ші конгресте әлемнің әртүрлі ғылыми орталықтарынан ғылыми баяндамаларымен тікелей қатысуымен барлығы 300-ден астам қатысушылар қатысты. Осы жылы бағдарламалық комитет 15 қазақстан математиктерін тікелей қатысуға таңдап алды. Және де қазақстанның математиктері бұрынғы Кеңес Одағының басқа мемлекеттерінің арасындағы математиктерінің ішіндегі құрамы бойынша ең үлкен болып шықты. 

 Қазақстанның математиктерінің құрамында ҚР БҒМ ҒК  Математика және математикалық моделдеу институтының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстан филиалының, Nazarbayev University, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің математиктері болды. 

 Конгрестің жұмысы 9 бір сағаттық пленарлық баяндамалардан (USA, Germany, Austria, Sweden, France, Japan, Finland жетекші математиктері) және математиканың ғылыми бағыттары бойынша 23 секциялардағы баяндамалардан тұрды. 

 Жоғары деңгейдегі математикалық нәтижелердің көпшілікке танылуы, мойындалуы болып 9  пленарлық баяндамалардың ішіне қазақстанның математигі,  ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Nazarbayev University-нің қауымдастырылған профессоры Дурвудхан Сураганға берілгені арқылы білінеді. 

 Бұл шыныменде, «Талдау және оның қосымшалары» саласында жұмыс істейтін ғалымдардың іргелі математикадағы зерттеулерінің нақты маңыздылығын және халықаралық мойындауын көрсететін, бейресми жұмыс жағдайында өткен өте ірі ғылыми шара болды. Заманауи математикадағы ең өзекті ғылыми бағыттары талқыланды.  

Тізіміне оралу