Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


ҚР Білім және ғылым министрі жас ғалымдармен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі жас ғалымдармен кездесті

2019 жылы 21 маусымда Ұлттық биотехнология орталығында ҚР Білім және ғылым министрі Асқар Қанатұлы Аймағамбетовтің еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

Кездесу ғылыми саладағы мәселелерді талқылау форматында өтті.

Атап айтқанда, ғылыми жобаларды қаржыландыру, ҰҒҚ құрамын өзгерту, жас ғалымдарға арналған конкурс, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ үшін зертханалық жабдықтар сатып алу, ғылыми қызметкерлердің жалақысын арттыру, Ғылым туралы Ұлттық баяндаманың аналитикалық қызметін күшейту, PhD-докторанттарға арналған гранттарды ұлғайту, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің құрамын қалыптастыру және т.б. мәселелер талқыланды.

Бизнесті тарту үшін ғылыми жобалар платформасын құруға, ғылыми жобаларды жыл сайын қаржыландыруды енгізуге, шетелдік ғылыми қорлардан ғылыми жобаларды қаржыландыруды тартуға, ғылыми гранттар базасын құруға қатысты ұсыныстар мен тілектер айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Қанатұлы жас ғалымдарға кездесуге қатысқандары және сындарлы сұхбаттары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ жақын арада Алматы қаласында жас ғалымдармен кездесу ұйымдастыру туралы идеяны айтты.

Тізіміне оралу