Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


ШҚМТУ-да «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

ШҚМТУ-да «Ұлы дала тарихы мен мәдениеті» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институтымен бірге Ресей, Жапония, Бельгия ғалымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Бұл шара, «Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жариялағаннан кейін, өткен жылдың желтоқсан айында Алтай – түркі әлемінің бесігі» атты ШҚМТУ-дың  ауқымды жобасының бөлігі болып табылады. Бұл жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының археологиялық ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның адамзат мұрасына енгізу жөніндегі жұмыс.

Дөңгелек үстелге облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова және облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк қатысты.

Дөңгелек үстел қарсаңында қатысушылар Алтайға экспедициямен барды. Ғалымдар Берел қорғандарын аралады. Біздің заманымызға дейін IV-III ғасырларға жататын ерекше археологиялық олжалар табылған жер. Дөңгелек үстел барысында көргендері туралы және алған әсерлері жайында талқылады.
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Абусейітова, өз баяндамасында негізгі ғылыми бағыттар шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Генетиктер Ботай кентіндегі материалдар мен заттарды талдауда. Табылған жануарлардың сүйектерін, жануарлардың түрін, тіршілік ету ортасын, тамағын және т.б.зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. 

РМК «Жалпы генетика және цитология институтының» бас директоры Лейла Жансүгірова «Алтайдан келген археологиялық табылыстарды палеогенетикалық зерттеу» тақырыбында баяндама жасады. Институтта «Үржар патшайымының»,  сақ элитасының өкілдеріне, Елеке Сазы қорымындағы индивидтерге, соның ішінде Алтын адамға егжей-тегжейлі зертханалық зерттеулер, оның ішінде ДНК талдау жүргізді. Лейла Жансүгірованың баяндамасы ерекше болды – зерттеулердің генетикалық мәліметтері ШҚМТУ қабырғасында өткен дөңгелек үстелде алғаш рет жарияланды!

Бельгияның Лувен Католик Университетінің профессоры Анна-Мари Вильмено қазақ шаманизмінің тақырыбын ашты. Ол Қазақстанда ұзақ уақыт жұмыс істеп, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы бірнеше кітаптар шығарды. Анна-Мари Вильмено өзінің кітаптары мен қазақ шаманизмінің негіздері туралы қысқаша айтып берді.

Жапониядағы Осака префектурасындағы Ұлттық этнология музейінің PhD докторы Токо Фудзимото Орталық Азия мәдениетін зерттеумен айналысады.Ұзақ уақыт бойы Павлодар облысында жұмыс істейді және қазақ тілін біледі, қазақ халқының өмірін, әдет-ғұрпын зерттейді. Токо Фудзимото өз баяндамасында: «Көшпенділер жерлеу мен қорған жасауға ерекше мән берген, өйткені олар әрдайым қозғалыста болатын және тұрғын жерлерін ауыстырып тұратыны» жайлы баяндамасында айтып өтті.

Сонымен қатар: Бельгияның Libre de Bruxelles университетінің профессоры Алан Ералы; Алтай Республикасының Горно-Алтайск қаласының С.Суразаков атындағы  Алтайтану институтының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тадышева Наталья; Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Ошан Жанымхан, баяндама жасады.

Профессорлар мен ғалымдар тарихи және мәдени ескерткіштерді зерттеудің тәсілдері туралы айтып, көшпелілер туралы ежелгі аңыздармен және түріктер туралы діни және мифологиялық идеялармен бөлісті.

Жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының 9 академиялық ғылыми-зерттеу орталықтарының және Қазақстанның және шет елдердің жетекші университеттерінің ынтымақтастығы маңызды және алғаш рет жүзеге асырылуда.

Тізіміне оралу