Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


«Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге арналған тақырыптық алаң өтті

«Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге арналған тақырыптық алаң өтті

2019 жылғы 15 тамызда Нұр-сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығының ғимаратында «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлеріне арналған тақырыптық алаң аясында секция отырысы өтті.

Секция жұмысына ҒЗИ директорлары, ғалымдар, ЖОО ректорлары мен проректорлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

«Инновациялық ғылыми экожүйе: зияткерлік әлеует, басымдықтар, нәтижелілік» тақырыбы бойынша пленарлық отырысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ашты.

Панельдік сессияда Әділ Ибраев - «ҰМҒТСО» АҚ президенті, Вассилиос Турассис - Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің деканы, Зарема Шаукенова - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Жақсылық Сәбитов - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, PhD докторы, Ерлан Раманқұлов - Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры және Амандық Төлешов - Ө. А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры, техника ғылымдарының докторы баяндамаларын  жасады.

Тақырыптық алаң «Bilim jane g`ylym Tamyz konferensiasy – 2019» (тамыз кеңесі – 2019: білім және ғылым) аясында а. ж. 16 тамызында ұйымдастырылды.

Тізіміне оралу