Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


«Қазақстандағы ғылымды мемлекеттік қолдау: игілік немесе ауыртпалық?»

«Қазақстандағы ғылымды мемлекеттік қолдау: игілік немесе ауыртпалық?»

Осы тақырып бойынша ү.ж. 3 шілдедегі ҚР БҒМ ҒК PaperLab дискуссиялық клубының отырысында төраға орынбасары Еркін Садықов сөз сөйледі.

Отырыста талқыланатын негізгі мәселелер: ғалымдардың халықаралық деректер базасындағы жарияланымдары және олардың сапасы, ғылыми қызметкерлердің жалақысы, ғылыми жобаларға бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру мен оларды аяқтау сапасы арасындағы сәйкестігі, Қазақстан ғылымының транспаренттілігі, ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманың "мазмұндық бөлігінің" дайындық сапасын арттыру болып табылады.

Еркін Садықов талқылау барысында ҚР Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы", "Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы", "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ережесін бекіту туралы" және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" қаулыларына өзгерістер енгізу мәселелерін қозғады.

Ғылыми жобалар мен бағдарламалар шеңберінде ғылыми өтінімдердің экономикалық сараптамасы енгізіледі, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалайды. ҒҒТС шешімдерін қабылдау үшін ҒҒТС балдарын және ҒҒТС бағалау парағының балдарын қосу жолымен жасалатын ғылыми жобалардың сараланған тізімі негіз болады. ҰҒНК мәжілістерін онлайн-трансляция режимінде МҒТС ҰО интернет-ресурсында өткізу жоспарлып отыр.

Пікірталас клубы отырысының маңызды сәті жас ғалымдардың ғылыми этиканы сақтамағаны үшін ғалымдардың "сұр" тізімін құру туралы ұсынысы болды.

Тізіміне оралу