Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі жас ғалымдармен кездесті

Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі жас ғалымдармен кездесті

Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласында Ғылым ордасы ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов жас ғалымдармен кездесті.

Кездесуге 60-тан астам жас ғалымдар қатысты.

Кездесу талқылау форматында өтті және Министрге Қазақстан Республикасы ғылымының ағымдағы жағдайы бойынша сұрақтар қойылды.

Атап айтқанда, студенттердің шәкіртақысы мен ғалымдардың еңбекақысы, жас ғалымдар үшін жарияланған конкурстың талаптары, профессор атағын беру талаптарын өзгерту қажеттілігі, ҰҒК құрамы, ғылымның бизнеспен байланысы, ғылым бойынша Ұлттық баяндаманы дайындау сапасы, ғалымдардың "ескі" диссертацияларын тексеру және т.б. мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ ғылымды дамыту мәселелері бойынша өздерінің сындарлы ұсыныстарын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Қанатұлы жас ғалымдарға кездесуге қатысқаны және тұжырымды ұсыныстары үшін алғысын білдірді.

Тізіміне оралу