Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ресми Интернет-ресурс


Жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлеріне арналған тақырыптық алаң аясында секция отырысы өтті

Жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлеріне арналған тақырыптық алаң аясында секция отырысы өтті

2019 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығының  ғимаратында «Жоғары білім мен ғылымның интеграциясы» тақырыбында жоғары білім берудің ғылыми және педагогикалық қызметкерлеріне арналған тақырыптық алаң аясында секция отырысы өтті.

Секция жұмысына ҒЗИ директорлары, ғалымдар, ЖОО ректорлары мен проректорлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  өкілдері қатысты.

«Инновациялық ғылыми экожүйе: зияткерлік әлеует, басымдықтар, нәтижелілік» тақырыбы бойынша пленарлық отырысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ашты.

Панельдік сессияда Адил Ибраев  - «ҰМҒТСО» АҚ президенті, Вассилиос Турассис - Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің деканы, Зарема Шаукенова - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Жаксылык Сабитов - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, PhD докторы, Ерлан Раманкулов - Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры және Амандык Тулешов - Ө. А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры, техника ғылымдарының докторы баяндамаларын жасады.

Тақырыптық алаң «Bilim jane ģylym Tamyz konferensiasy – 2019» (тамыз кеңесі – 2019: білім және ғылым) аясында а. ж. 16 тамызында ұйымдастырылды.

Тізіміне оралу