Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Байқаулар мен гранттар

15 қазақстандық ұйымдарды плагиатты тексеру бағдарламасымен қамтамасыз ету мақсатында антиплагиат бағдарламасын іріктеу бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларына қазақстандық ұйымдарды плагиатты тексеру бағдарламасымен қамтамасыз ету мақсатында антиплагиат бағдарламасын іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін компаниялардың көрсететін қызметі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында орналасқан техникалық ерекшеліктерге сәйкес болуы тиіс. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-57, 8 (777) 130-77-60.

Конкурстық құжатты түсіндіру бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілі -  Казиханова Саманта Нұрланқызы.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 12 тамызы мен 2019 жылдың 15 тамызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағ. 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Барлық өтінімдер электронды түрде (PDF және Word–түрінде) орыс және/немесе қазақ тілінде s.kazikhanova@edu.gov.kz  электронды мекен-жайына, сондай-ақ міндетті түрде қағаз және дискі түрінде жапсырылған конвертте Ғылым комитетіне    Нұр-Сұлтан қ.,010000, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Министрліктер үйі мекен-жайына жіберілуі тиіс.


1-қосымша: Плагиатты тексеру бағдарламасына техникалық ерекшелік.

Қолданбаны жүктеңіз (Техникалық ерекшелік.xlsx - 12.66Кб)
Тізіміне оралу