Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Байқаулар мен гранттар

Австрия Ғылым академиясына қатысты

Болу елінің ғылыми орталықтары мен университеттерімен жұмысты орнату шеңберінде Австрия аумағында ұйымдастырылатын зерттеу бағдарламаларына қазақстандық жас ғалымдардың қатысуы бойынша мәселе пысықталуда.

Атап айтқанда, австриялық Ғылым академиясы (Академия, OeAW) қазақстандық жас ғалымдарға «нақты және гуманитарлық ғылымдардағы озық тәжірибе» (JESH) бағдарламасына қатысуды ұсынады. Бағдарлама аясында өтінімдер қабылдау жарияланды (2019 жылдың 15 сәуіріне дейін). Өткізу кезеңі 2019 жылдың желтоқсан айынан 2020 жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған. Әлеуетті қатысушылар үшін айына 2700 еуро көлемінде гранттық қаражат бөлінеді (қойылатын талаптармен ресми сайтта танысуға болады https://stipendien.oeaw.ac.at/en/stipendien/jesh/).

Анықтама: JESH - бағдарламасы мақсатты елдердің (соның ішінде Қазақстан) жас ғалымдарына бағытталған, халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты белсендіруге немесе бастамашылық етуге жақсы мүмкіндік береді. JESH шеңберінде қаржыландырылатын жобалар қатысушы елдердегі зерттеу ортасын нығайтуға бағытталған, нақты салалардағы зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Австрия ғалымдары мен мақсатты елдер арасында тұрақты байланыстар орнатуға ықпал етеді.

Австриялық Ғылым академиясы – жетекші ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады, 770-тен астам мүшеден және 1700 қызметкерлерден тұрады, ғылым мен қоғамда прогреске одан әрі жәрдемдесу мақсатында инновациялық іргелі зерттеулермен, білім алмасумен және жаңа идеяларды таратумен айналысады.

Академия өнер және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялық іргелі зерттеулер саласындағы 28 ғылыми-зерттеу институттарынан тұрады. Академия болашаққа бағытталған тақырыптармен айналыса отырып және мәдени мұраны сақтау мен интерпретациялауды қамтамасыз ете отырып, жаңашыл зерттеулерді ынталандырады.

Академияның негізгі мақсаты дарынды жас ғалымдарды қолдау, оларды ынталандыру және зерттеу жұмысындағы перспективаларды кеңейту болып табылады. Бұл ретте Академия жанында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттары жаңадан бастаған зерттеушілерге әртүрлі мүмкіндіктер ұсынады, оның ішінде шетелдік жоғары білікті ғалымдарға стипендиялар мен сыйлықтар беру, сондай-ақ гранттар бөлу жолымен қаржылық қолдау көрсетеді.

Академия жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ынтымақтастықты қолдайды және дамытады және ірі халықаралық жобаларға қатысады. Австрияда Академия бірнеше ғылыми ұйымдармен және қаржыландыратын құрылымдармен ынтымақтасады.

Тізіміне оралу