Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Байқаулар мен гранттар

ҚР-ның университеттерінде технологияларды трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың мерзімін ұзарту туралы

Құрметті өтінім берушілер,

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасының университеттерінде технологияларды   трансферттеу/коммерцияландыру офистерін іріктеу бойынша конкурстың мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2019 жылы 21 қаңтар Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейын ұзарады.

Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (www.sc.edu.gov.kz) және «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару тобының (www.fpip.kz) сайттарында жарияланатын болады. Конкурстық құжаттама және өтінімді дайындау бойынша кеңестерді мынадай телефондар арқылы ала аласыз: 8(7172)74-24-85, 8 (778) 437-50-16, 8(701) 888-95-79.

Конкурстық құжатты түсіндіру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңестер үшін жауапты конкурс операторының өкілдері -  Ақшалова Әсем, Утегулов Алан, Мамбетов Қарасай.

Тізіміне оралу