Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Байқаулар мен гранттар

Кеңсе менеджерін іріктеу бойынша конкурс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Жобаны басқару тобының кеңсе менеджерін іріктеу бойынша конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады.

2016 жылғы 2 ақпанда ратификацияланған 2015 жылғы 9 маусымдағы  №8463-KZ Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім шеңберінде «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру мақсатында 2018 жылы  21 қарашада жарияланған Жобаны басқару тобының кеңсе менеджерін жалдау бойынша конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады.

Қызметтерді көрсетудің болжамды мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін, келісім-шартқа 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге дейін қол қою ұсынылады (Консультанттың қызметтерінің сапасына және Жобаның іске асыру мерзіміне қарай келісімшартты кейінгі жылдарға созу мүмкіндігімен).

Мүдделі жеке консультанттар қосымша ақпаратты төменде көрсетілген электронды мекенжайға 9.00-дан 18.00-ге дейін (Астана уақытымен) жұмыс уақытында хабарласу арқылы біле алады.

Мүдделілік білдіру туралы өтінімдер 2018 жылы 5 желтоқсан (қоса санағанда)күні сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен) info@fpip.kz электронды мекенжайы арқылы  қабылданады, құжаттар түйіндеме  түрінде орыс және ағылшын тілдерінде, барлық растаушы құжаттар тіркеліп, жіберілуі тиіс. Хаттың тақырыбын көрсетіңіз: «Жобаны басқару тобының кеңсе менеджерін іріктеу»

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы

Қазақстан, Астана қаласы, 010000, Тәуелсіздік даңғылы, 41, 5 қабат, 508 кеңсе

E-mail: info@fpip.kz

Қолданбаны жүктеңіз (KZFPIP_ToR_PMU_Office-manager_Final_27.07.2016 КАЗ.docx - 33.99Кб)
Тізіміне оралу