Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Іс-шаралар күнтізбесі

«Конституциялық реформа – Қазақстан дамуының жаңа кезеңі»

2017 жылдың 9 ақпан күні сағат  17.00 «Ғылым ордасы» РМК концерт залында «Конституциялық реформа – Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты конституциялық реформаны талқылауға арналған семинар өтеді.

Қазақстан өз дербестігінің 25 жылдығында айтулы табыстарға қол жеткізіп отыр. Бірақ бүгінгі күннің талаптарына сәйкес, біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Сол себепті біз заман сұранысына сай, басқару жүйесін реформалап, жауапкершіліктерді нақтылап алуымыз қажет.

Бұл заң жобасында пре­зиденттік өкілеттіктің біраз функциясын Үкіметке беру, Парламент жұмысын жақсарту, сонымен бірге, сот, прокуратура органдарының жұмысын жетілдіру сияқты үлкен ұсы­ныс­тар айтылып отыр. Конституциямызға енгізілетін бұл толықтырулар мен өзгерістер мемлекетіміздің алдағы уақытта қарқында дамып, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруге толық мүмкіндік берері сөзсіз.

Семинарға еліміздің белгілі  ғалымдары, ҚР ҰҒА академиктері мен ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының  басшылары мен ғалымдары және БАҚ өкілдері мен қонақтар қатысады.

Жиын соңында «Ғылым ордасы» РМК ұйымдастыруымен белгілі қазақстандық композиторәншіҚазақстанның халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев және оның шәкірттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Өтетін орны:  Алматы қаласы, Құрманғазы 29, «Ғылым ордасы» РМК, 2-қабат, концерт залы.

Уақыты: 9 ақпан 2017 жыл, саға.17.00

Қосымша ақпарат үшін мына телефондарға хабарласуға болады:

+7(727) 272-57-17, 272-94-41, 261-00-30

Тізіміне оралу