Құрметті біздің порталымыздың келушілері, осы ресурстың әзірленуде екендігі туралы сізді хабардар етеміз.

Іс-шаралар күнтізбесі

Инженерлер мен ғалымдардың WSEC-2017 Бүкіләлемдік конгресіне дайындық жұмыстарына арналған дөңгелек үстел

2017 жылдың 7 сәуірінде сағат 09:30 Қазақстан Республикасының Ұлттық  инженерлік академиясының мәжіліс залында (Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 80, ҚР ҰИА, 4-қабат) инженерлер мен ғалымдардың WSEC-2017 «Болашақ энергиясы: инновациялық сценарийлер және оларды жүзеге асыру әдістері» Бүкіләлемдік конгресіне дайындық жұмыстарына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Конгресс биыл Қазақстанның астанасында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылады. Бұл жаһандық жобаны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ұсынған болатын.

Конгресс халықаралық көрме платформасында жетекші ғалымдар мен инженерлердің басын қосқан әлемдік практикадағы бірегей шара болады және оның ең маңызды шараларының қатарына кіреді.

Бүгінде әлемнің 50 мемлекетінен 200 аса көрнекі ғалым мен мамандар оған қатысатындарын қуаттады, соның ішінде Нобель және «ЖаҺандық энергия» халықаралық сыйлығының лауреаттары, министрлер, беделді халықаралық ұйымдардың, ірі компаниялардың, ғылыми-инженерлік бірлестіктердің басшылары мен мамандары және т.б. қатысады.

Конгресті лайықты өткізуге дайындық қазақстандық ғалымдар мен инженерлер, сала басшылары мен бизнес-құрылымдар үшін жауапты міндет болып табылады. Дөңгелек үстел барысында ЭКСПО-2017 және WSEC-2017 қарсаңында қазақстандықтардың мүмкіндігі қаралады.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Энергоресурстарды дамыту: әлемдік үрдіс, бәсекеге қабілеттілік, инновациялар және қазақстанда пайдаланудың перспективалары». Бұл конгресс жұмысының төрт басты бағыттарының бірі. Дөңгелек үстелді WSEC 2017 осы блогының ұйымдастырушыларымен өткізіледі.

Ұсынылған тақырыпты талқылауға Жұмағұлов Б.Т. – WSEC 2017 Бүкіләлемдік конгресінің ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Ұлттық инженерлік академия президенті; Қарабалин Ө.С. – 3 Блок басшысы, KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, Жақсалиев Б.М. – Блоктың тең басқарушысы, ҚР энергетика вице-министрі, Ербосынов Б.Б. – ҚР Энергетика министрлігінің жаңартылатын энергия көздері департаментінің ЭКСПО басқармасының басшысы  және басқа да көрнекі ғалымдар, энергетиктер, бизнес өкілдері қатысады.

Сонымен қатар:

  • «Отын-энергетикалық шикізатты пайдалану технологияларындағы дамудың қазіргі заманғы үрдістері» (Мун Г.А., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі),
  • «Атомдық энергетиканың инновациялық әлеуеті» (Батырбеков Э.Г., ҚР Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры)
  • «Төмен көміртекті дамудың инновациялық технологиялары: ЖЭК мен зиянды заттар шығарындыларын саудалау жүйесі» (Есекина Б.К., «Жасыл Академия» ҒБО директоры),
  • «Еуразиялық құрлықтың бірыңғай энергожүйесін жасау туралы» (Қамбаров М.Н., «EcoWatt» ЖШС бас директоры),
  • «Энергия аккумуляциялаушы заттарды активациялаудың негізгі принциптері» (Сармурзина Р.Г., KAZENERGY қауымдастығы) баяндамалары тыңдалып, талқыланады.

Осы бағытта Конгреске дайындық барысы талқыланып, тиісті ұсыныстар қабылданады.

ҚР ҰИА баспасөз орталығы

+7 727 2915290

Тізіміне оралу