ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті»  мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже


1.    Жалпы ережелер

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыретіне қарасты қызмет ететін, ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен  Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы ратифицациялаған халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) және министрліктің жауапты хатшысының бұйрықтарына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,  мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелрі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. 
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
9. Мемлекекттік органның толық атауы -  «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі.
10.    Осы Ереже Комитеттің мәртебесі мен құзыретін анықтайтын құрылтай құжаты болып табылады.
11.     Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түспейді.      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2.    Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Комитеттің мақсаттары (міндеттері):
1)     ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
3)  ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
14. Функциялары:
1)  елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3)  мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеуге қатысу;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
6) Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қызметін ұйымдастыру;
7) белгіленген тәртіппен әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын және мемлекеттік ғылыми стипендиялары мен ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды беру туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
8) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
9) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми техникалық жобалар мен бағдарламалардың және оларды орындау жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми техникалық жобалар мен бағдарламалардың мелекеттік есебі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
12) салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыратын жұмысын үйлестіру;
13) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізуге ұсыныстар  енгізу; 
14) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
15) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
16) ғылым саласындағы салааралық үйлестіру;
17) Комитетке бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекітуді және келісуді әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
18) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет,  ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларында, мемлекеттік ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгiзу;
19) ғылыми, ғылыми-техниалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру салаларында нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;
20) адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде  номативтік құқықтық актілерді бекіту;
21) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
22) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыруды  қамтамасыз ету; 
23) ғылыми, ғылыми-техниалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
24) ғылыми, ғылыми-техниалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жоспарлау, ынталандыру жөніндегі шараларды іске асру;
25) ғылыми, ғылыми-техниалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
26) ғылыми, ғылыми-техниалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;
28) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;
29) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау, және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру;
30) Қазақстан Республикасындағы ғылым жөніндегі жыл сайынғы мемлекеттік Ұлттық баяндаманы әзірлеу, баспаға шығару және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу, сондай-ақ оны ресми басылымда жариялау;
31) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру;
32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген  тәртіпте Комитет  қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпаратты Комитеттің және министрліктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру;
33) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылымның ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді. 
15. Құықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материялдарды, оған қоса менмлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша Комитеттің белгіленген қызметі аясына жататын мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және басқа да ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, соның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша шетелдердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу; 
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар)
5)     мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізуге;
6) ведомстволық бағынысты ұйымдарға, республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншіктік құқық субьектісінің функциясын жүзеге асыру, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарда (серіктестіктерде) мемлекеттік акция топтамасын (қатысу үлесін) иелену және пайдалану;
7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізу;
8) ақпараттық-тұсаукесерлік    шаралар         (форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және т.б.), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың өзекті мәселелері бойынша жиындар ұйымдастыру және өткізу;
9) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
10)
Қазақстан Республикасындағы ғылым бойынша жыл сайынғы мемлекеттік Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
11) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
 14)  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ оны міндеттеріне сәйкес Комитеттің қабылдаған қызметін дамыту және іске асыру үшін Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа тарту;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді анықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғылыми мамандарды жұмысқа тарту;
16)      мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
17) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету.
  18) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;
  19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3.    Комитеттің қызметін ұйымдастыру

16. Комитет басқарылуын төраға жүзеге асырады, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты.    
           17. Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің және Президент Әкімшілігі Басшылығының келісімі бойынша Министр лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.    
18.  Комитет төрағасының өкілеттігі: 
1) өз орынбасарларының, сондай-ақ аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға қарасты ұйымдардың директорлары және директордың орынбасарлары Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкес Комитет қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданадығ Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда;
4)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
           5) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен ұйымдарына орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;
6) Комитеттің Регламентін бекітеді; 
7) Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) әкімшілік және құқықтық жұмыс мәселелеріне жетекшілік етеді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Комитет төрағасының өкілеттігін (белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес) оны алмастыратын немесе Комитет төрағасымен белгіленген тұлға жүзеге асырады.


4.    Комитеттің мүлкі

19. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жекеленген мүлікті жедел басқару құқығы бар.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.


5.    Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

22. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено