ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ЖҒҚТ мен ТҒҚТ гранттік бағдарламасының екінші кезеңдегі нәтиижесі мен бірінші раундта алған қаржыландыру жобаларының мониторингісі қортындыланды 

06 шілде 2017 379

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобына (КҒҚТ) арналған гранттық бағдарлама бойынша байқаудың екінші раундының ақтық кезеңінің нәтижелерін жариялады 

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобына (КҒҚТ) арналған гранттық бағдарлама бойынша байқаудың екінші раундының ақтық кезеңінің нәтижелерін жариялады 

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобына (КҒҚТ) арналған гранттық бағдарлама бойынша байқаудың екінші раундының ақтық кезеңінің нәтижелерін жариялады.

Аталмыш гранттық бағдарламаның мақсаты – ғылыми-зерттеулік және конструкторлық жұмыстардың перспективалық нәтижелерін коммерциялау үшін қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсету. Бағдарлама отандық ғалымдардың 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттемелерін ынталандыруға негізделген.

Жеңімпаздарды іріктеуді құрамына 7 (жеті) шет елдік және 2(екі) отандық сарапшы енген Халықаралық ғылым және коммерциялау жөніндегі кеңес (әрі қарай - ХҒКК) жүзеге асырды.

ХҒКК-мен іріктелген алдын ала жобалар Дүниежүзілік банк ережелері және талаптарына сай құралған қоршаған орта бойынша Шекті құжатқа сәйкес экологиялық категориялау рәсімінен өтті.     

Барлығы 21 жоба іріктелді. Оның ішінде кешендік экологиялық бағалаудан өтуді қажет етпейтін «С» санатты үш жоба болды. Қажетті лизенциялары және материалдардың қауіпсіздік паспорты бар Қоршаған ортаны қорғау іс жүзіндегі жоспарын талап ететін «В» санаттағы алты жоба болды. Сонымен қатар «В+» санаттағы 12 жоба бар. Бұл жобаларды алдын ала жобалар бойынша қоршаған ортаның әсер етуін бағалау рәсімдерінің нәтижелері бойынша құзырлы органдардың оң қорытындысы болғанда ғана қаржыландыруға болады.       

Айта кету керек, ХҒКК-і ҚР БҒМ Ғылым комитетінің жанындағы тәуелсіз кеңес беруші орган ретінде бола отырып, тек грант алушыларды іріктеуге ғана жауап бермейді. Кеңестің сарапшылары сонымен қатар грант алушылардың жүзеге асырылып жатқан жобаларының аралық және қорытынды нәтижелеріне мониторинг жүргізеді.      

Осылайша, маусымның 23-і мен 26-ы аралығында ХҒКК 2016-шы жылы АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасының бірінші раундында грант алған 23 алдын ала жобалардың аралық нәтижелеріне мониторинг жүргізген.   

ХҒКК мүшелерінің алдында өз жобаларының алғашқы нәтижелерін жоба жетекшілері мен коммерциялау бойынша мамандары ұсынды. Бұл ретте  ХҒКК алдын ала жобалардың жүзеге асырылу жоспарының уақтылы, қаржылық, сатып алу жоспарларына, штаттық кестеге және т.б. сай орындалып жатқанын бағалады. 

Мониторинг нәтижесі бойынша сарапшылар алдын ала жобаларды жүзеге асыру жоспарлары мен грант алушылардың қаржылық жоспарларына түзету енгізді.

Айта кету керек, ХҒКК алғашқы мониторингі технологиялық және инновациялық идеяларды коммерциялық жобаларға айналдыру бойынша кеңес беру көмегін көрсететін технологиялық брокерлермен бірігіп өткізілді. 

Гранттар туралы келісім қорытындысының шарттары туралы толығырақ ақпаратты, сондай-ақ АҒҚТ және КҒҚТ гранттық бағдарламасының екінші раунды жеңімпаздарының тізімі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының ресми сайтында орналастырылған.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено