ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғылымды дамыту сұрақтары бойынша Комитеті төрағасының тікелей байланыс барысындағы сұрақтарға жауабы

26 шілде 2017 1073

2017 жылдың 5 шілдесі күні Facebook әлеуметтік желісіндегі Science in Kazakhstan парақшасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Б.С Әбдірәсілов өз есебімен тікелей байланысқа шықты.

Фэйсбук, пошта, сондай-ақ Скайпқа келіп түскен сұрақтарға жауаптар: 

1. Эльмира Саметова 

Қайырлы күн! Жаңа конкурста сұралған қаржыландыру кішірейтілген жағдайда бағдарламалар мен гранттық жобалардың мақсаттарына түзетулер енгізіле ме?  

Жауап: ҚР «Ғылым туралы» Заңына сәйкес бағдарламалар және гранттық жобалардың мақсаттарына түзету енгізу туралы сұрақтар атқарушының ресми өтінімінен соң Ұлттық ғылыми кеңеспен шешіледі.   

2. Салтанат Тұтқабекова · 

ҚазҰАУ-дан сұрақ: Неліктен бастапқы конкурстық өтінімдерде сұралған қаржыландыруды кішірейтеді?  

Жауап: Ұлттық ғылыми кеңестер туралы Ережеге сәйкес  ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемдерін айқындау және ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңашылдығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау Ұлттық ғылыми кеңестің құзіретіне жатады.

3. Ернар Сайлыбаев · 

ҰҒК құрамы қандай? Ол қалай анықталады? Неге мұндай маңызды ақпарат жариялап берілмейді? 

Жауап: Құрметті Ернар Сайлыбаев! Қазіргі уақытта ҰҒК құрамы ғылымның 5 басым бағыттары бойынша жұмыс істейді: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу; энергетика және машина құрылысы; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; өмір туралы ғылым; елдің интеллектуалды әлеуеті. 

Ол білікті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, салалық уәкілетті органдардың ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, жоо және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен қалыптасты. Құрамы ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінде қол жетімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 16 мамырындағы № 519 Қаулысымен бекітілді (adilet.zan.kz).

4. Гульшат Айешева · 

Құрметті Болатбек Серикбай ұлы! Коммерцияландыру кеңселерін қолдау туралы мәселе қызықтырады. ОКТ іріктеу конкурсы жеке өткізіледі ме және қашан? Құрметпен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ОКТ басшысы 

Жауап: Иә, ОКТ іріктеу бойынша конкурс өткізіледі. Қазіргі уақытта грант бөлу үшін технологияларды коммерцияландыру кеңсесін іріктеу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іріктеу шарттары және барлық қажетті ақпаратты біз дайын болғанда хабарлаймыз.

5. Маргарита Ишмуратова ·

Сәлеметсіз бе, МЭББ материалдарды тыңдап отыр. Жас ғалымдар үшін олардың қызметін қолдау үшін жеке гранттар енгізу жоспарланады ма? 

Жауап: Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері қатыса алады. Бұл ретте жас ғалымдар конкурс құжаттамаларының талаптарына сәйкестік кезінде ғылыми жобаның зерттеу тобына қатыса алады. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар бөлу қарастырылмаған.

6. Лязат Ибраева ·

Қазақстанда постдокторантура ашу жоспарланады ма? Егер ашылса, онда қашан? 

Жауап: 2016 жылдың 13 мамырында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің МЖБС-да «постдокторантура» ұғымын енгізуге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта постдокторантураға кадрларды дайындау механизмін анықтау қарастырылатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

7. Сандугаш Танирбергенова · 

Ешқалай қаржыландырылмайтын ХҒТО жобалары жөнінде, оларды қалай талдауға болады? 

Жауап: ХҒТО жобаларын қаржыландыру бойынша шешім жуырда ХҒТО Басқарушылар кеңесінің отырысында талқыланды. Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдардың жобаларын қаржыландыру күтілуде.

8. Saule Zhembaeva · 

Сәлеметсіз бе, айтыңызшы, ЖҒТК жұмысы мердігер шартымен немесе қосымша еңбек келісімімен анықталады ма? Бұл ҚМҮББУ

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы алқалы орган болып табылады.

ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жұмыс органы ЖҒТК-ның болып табылады.

9. Бажетов Азамат · 

Гранттық қаржыландыру өтінімі қағаз түрінде немесе порталда (элекронды) болады ма? 

Жауап: Гранттық қаржыландыру өтінімі бұрынғыдай конкурстық құжаттамаға сәйкес қағаз түрінде қабылданады, сондай-ақ өтінімді электронды нұсқада беру мәселелесі де өңделуде. 

10. Katy Ostapchuk · 

Қайырлы күн! Ғылыми институттарды қаржыландырудың жыл сайын алғашқы 3-4 айларында кешігуі немен байланысты? 

Жауап: Ғылыми-зерттеу жұмыстары бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес қаржыландырылады. Төлем шарт жасалғаннан кейін жасалады. Шарт жасау Ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) отырысынан хаттаманы жұмыс органына (ҰМҒТСО) бергеннен кейін жасалады. 

11. Bakytzhan Akhmetov · 

Сәлеметсіз бе, неліктен Ғылым Қоры «Ньютон-Әл-Фараби» Серіктестік бағдарламасын қаржыландыруын тоқтатты?

Жауап: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі үшін «Ньютон-Әл-Фараби» бағдарламасын одан әрі іске асыру маңызды. Бүгінде ғылыми зерттеулердің бірлескен нәтижелері бар, бағдарлама жобаларын қаржыландыру осы жылы жалғасатынын болжамдаймыз. 

12. Замира Болатбекова · 

Балық шаруашылығының ҒЗИ. Жас ғалымдарды қолдау жөніндегі комитетпен не жасалуда? 

Жауап: ҚР БҒМ Білім комитетімен Қазақстан Республикасының жас ғалымдарына жыл сайын мемлекеттік ғылыми шәкіртақылар (50 жас ғалымдарға) бөлінеді. Сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде докторантура мүмкіндігі өңделуде. 

13. Дмитрий Гирин · 

Сәлеметсіз бе! Айтыңызшы, хат иесіне хабарлама жіберілетін  және кіріс хаттарды тіркейтін ғылым комитетінің ресми электронды почтасы бар ма? 

Жауап: электронды почта жоқ, Ғылым комитеті кіріс хат-хабарларды Мәңгілік ел 8, Министрліктер үйі, 11-подъезд, 1039-кабинет мекен-жайы бойынша қабылдайды.

14. Лязат Ибраева · 

ҒЗИ, Ұлттық орталықтарда қашан магистратура мен докторантура ашу мүмкіндігі болады? 

Жауап: Қазіргі уақытта нысаналы бағдарлама шеңберінде  ЖОО зерттеу әлеуетін күшейту, сондай-ақ оқытушылық қызметке ҒЗИ жетекші ғалымдарын тарту мақсатында ғылыми кадрларды (PhD докторларын) дайындау жүзеге асырылады. Сонымен 2014 жылдан ҒЗИ-мен ЖОО-ның бірлесіп дайындығы жүргізілетін білім және ғылымды біріктіру бойынша жоба іске асырылады. 

Біріктіру шеңберінде ғылыми кадрларды дайындау ҒЗИ бірлесіп ЖОО базасында жүзеге асырылады. 2017 жылы 70 докторанттың бірінші шығарылуы өтті. 

Сондай-ақ, ҚР Парламентіне енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында қызметтің негізгі бейіні және дайындық бағыттары бойынша ғылыми ұйымдарда магистрлер мен докторларды дайындау туралы норма қарастырылған. Аталмыш толықтыру ғылыми ұйымдарда ғылыми кадрларды дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

15. Айнур Ахметова · 

Қайырлы күн! Сәлеметсіз бе? 1 курс PhD докторанты 3 жылдық ғылыми жобалар бойынша өтінім беруге мүмкіндігі бар ма? Айнур Ахметова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер Институтының ғылыми қызметкері, PhD 1-курс докторанты. 

Жауап: Ғылыми жобалардың Конкурстық құжаттама ережесі бойынша жоба жетекшісі ретінде ғылыми дәрежесі бар ғалымдар ғана өтінім бере алады. Сіз докторант ретінде орындаушылар құрамында болуға құқығыңыз бар.

16. Zhanarkul Satpaeva · 

Гранттық және бағдарламалық қаржыландырудан докторанттың оқу құнын төлеуге болады ма? Және өтініміме осындай тармақты қосуға болады ма? Мен жас ғалыммын және бұл сұрақ мені қатты толғандырады, себебі РhD докторантурасы бойынша орын өте аз беріледі 

Жауап: «Ғылым туралы» ҚР Заңына сәйкес, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тек ғылыми зерттеулерді өткізу үшін бөлінеді. Осы жылы докторантурада мемлекеттік тапсырыс бойынша бюджеттік орындар саны 625-тен 1250 дейін ұлғайтылған. Сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде докторантура мүмкіндігі өңделуде. 

17. Бажетов Азамат · 43:50 Гранттық қаржыландыру өтінім неше тілде (қазақ? орыс? ағылшын?)  болады? Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.

Жауап: Конкурстық құжаттамаға сәйкес Гранттық қаржыландыруға өтінімдер үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады.

18. Refat Baratov · 

Бастапқы өтінімдерге қатысты гранттарды қаржыландыру неге екі есе төмендейді? 

Жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес, гранттық қаржыландыру іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз және қайтарусыз беріледі, n-төмендегілерді мәлімдейміз:

  • Гранттық қаржыландыру конкурсы конкурс жариялаған уәкілетті органмен гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттаманы бекіткеннен кейін жарияланады.
  • Уәкілетті орган сараптама орталығына гранттық қаржыландыруға өтінімдер бағыттайды.
  • Сараптама орталығы гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа ұсынылған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалардың тізімі қорытынды балл шамасы бойынша сараланған ҰҒК ұсынылады.
  • ҰҒК хаттамасынан көшірме-үзінді түрінде ҰҒК шешімдері сараптама орталығымен уәкілетті органға бағытталады.

Сонымен бірге, гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі гранттық қаржыландыруға әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті органмен бекітілген ҰҒК шешімдері болып табылады.

19. Эльмира Саметова · 

Жобалар мен бағдарламаларды орындау, атап айтқанда оларды іске асыруды 5 жылға дейін ұзарту мерзімдері туралы мәселе қарастырылады ма? 

Жауап: Жобалар мен бағдарламаларды орындау мерзімдері 3 жылға есептелген.

20.  Вкниисх ЖШС · 

Сәлеметсіз бе. Магистранттардың қашықтан білім алу жүйесі болжамданады ма? 

Жауап: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қашықтықтан білім беру технологиялары белгілі санаттағы білім алушыларға, оның ішінде мүгедек балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын тұлғаларға, «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушыларға, жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғаларға қатысты қолданылады.

Осыған орай, магистратурада жоғарыда көрсетілген тұлғалардың санаттарын қоспағанда, қашықтан білім беру технологиялары бойынша толық оқуды қарастырмайтынын мәлімдейміз.

21. Damir Digay · 

Құрметті Болатбек Серікбайұлы! І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Сізге ашық диалог пен мазмұнды сөз сөйлегеніңіз үшін алғыс білдіреді! Біздің университет Алматы облысындағы жалғыз мемлекеттік ЖОО, Құрметті Болатбек Серікбайұлы, біз коммерциаландыру кеңселеріне грант бөлу бойынша қатысқымыз келеді. Іріктеу қалай өтетінің айтыңызшы? 

Жауап: Қазіргі уақытта гранттарды бөлуге арналған технологияларды коммерцияландыру кеңселерін іріктеу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іріктеу шарттары мен барлық қажетті ақпаратты біз дайын болғанда хабарлаймыз.

22. Kazniizr Kazniizr · 

Беларусь Республикасы Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасында Келісімдерді іске асыру шеңберінде  алдында бірлескен ҒЗЖ өткізуге конкурс жарияланған болатын. Алайда ҚР тарапынан болмады (конкурс жарияланбады). Себептерінде айқындылық жоқ? 

Жауап: Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми жобалар конкурсын жариялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен (ЖҒТК) қазақстандық ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекіткеннен кейін ықтимал. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдардың (ғылымды дамытудың басым бағыттарын қоса алғанда) келісуінде табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2018-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекіткеннен кейін бірлескен ҒЗЖ конкурсы жарияланды.

23. Zhanarkul Satpaeva · 

ҒЗЖ-да неліктен магистратура мен докторантураға нысаналы орындар берілмейді? 

Жауап: Қазіргі уақытта нысаналы дайындау шеңберінде жоо зерттеу әлеуетін күшейту, сондай-ақ ҒЗИ жетекші ғалымдарының оқытушылық қызметке тарту мақсатында ғылыми кадрларды (PhD докторларын) дайындау жүзеге асырылады. Сонымен 2014 жылдан ҒЗИ-мен ЖОО бірлескен дайындығы жүргізілетін білім және ғылымды біріктіру бойынша жоба іске асырылуда. 

Біріктіру шеңберінде ғылыми кадрларды дайындау ҒЗҰ бірлесіп ЖОО базасында жүзеге асырылады. 2017 жылы бірінші 70 докторанттардың бітірді.

24. Шолпан Абикенова 

Сәлеметсіз бе! Конкурстан тыс ресіммен бағдарламалық нысаналы қаржыландырудың қандай? Неге МҒТС-ға және сәйкесінше ЖҒТК-ке салалық мемлекеттік органнан өтінімді конкурссыз қабылдамайды? 

Жауап: Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған. Аталмыш қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

Конкурстық ресімнен тыс қаржыландыруға ұсынылатын нысаналы бағдарламалар мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы өткізуді ұйымдастыру үшін  ҰМҒТСО уәкілетті органмен бағытталады. Одан әрі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында белгіленген ресімдерді өткізгеннен кейін  (Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген), бағдарламалар сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестің қарауына сараптама орталығымен бағытталады. ҰҒК бағдарламаларды, олар бойынша МҒТС нәтижелерін қарастырады және қаржыландыру сомасын көрсетіп қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады және оларды ЖҒТК бағыттайды. ЖҒТК ҰҒК шешімдерінің негізінде аталмыш нысаналы бағдарламаларды мақұлдайды (бас тартады). 

25. Маргарита Ишмуратова 

Ғылыми жобалар мониторингі қалай өтеді? Қандай сұрақтар қадағаланатын болады? 

Жауап: Ғылыми жобалар мониторингі ҚР БҒМ министрінің м.а. 2017 жылғы 13 шілдедегі № 330  бұйрығымен бекітілген ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысының және нәтижелігінің мониторингін жүзеге асыру туралы Ережеге сәйкес  өтетін болады. Ғылым комитетінің алдында Шарттарға сәйкес қабылданған міндеттемелер бойынша құралдардың жұмсалу негізділігін мен орындалған жұмыстардың сәйкестігін бағалау, іске асыру барысын талдау, іске асыру барысына әсер ететін проблемалар мен тәуекелдерді анықтау және жобалардың/бағдарламалардың болжамды нәтижесі, және оларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстарды дайындау мәселелері қадағаланады.

26. Алёшин Дмитрий 

Сәлеметсіз бе, айтыңызшы,нәтижелерді коммерцияландыру туралы барлығы айтып жүр, ал барлық өмірін іргелі ғылымдар бағытын зерттеуге (мысалы, ғарыштық кеңістікті зерттеуге) арнаған ғалымдар не істейді, мұндай ғылыми нәтижелерді нарықта қалай іске асыруға болады

Жауап: 2017 жылдың тамыз айында іргелі зерттеулерден тұратын және бағыттар жоспарланатын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша және гранттық қаржыландыру бойынша конкурс өткізу жоспарланады. 

27. Арман Жаншабай · 

Барлық ғылыми жобалардың тізімімен танысуға болатын «ҰҒМО» АҚ 

Жауап: Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша қолданыстағы жобалар туралы ақпаратты Сіз http://www.ncste.kz/ru/content/tekushchee-sostoyanie-obektov-gnte сайтынан таба аласыз. Дүниежүзілік банк шеңберінде АҒҚТ және КҒҚТ гранттарын http://portal.fpip.kz/  сайтынан табуға болады. 

28. Askar Muratov · 

Неге мемлекеттік стандарттарды әзірлеу ғылыми еңбек болып саналмайды 

Жауап: «Білім туралы» ҚР Заңының 56-бабына сәйкес, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әрбір білім беру деңгейі бойынша  белгіленген: 

1) білімнің мазмұнына; 2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне; 3) білім алушылардың даярлық деңгейіне; 4) оқыту мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайды.

Өз кезегінде, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл ғылыми ізденістермен, жаңа білімдерді алу және қолдағыны кеңейту, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғатты және қоғамды дамыту заңдылықтарын анықтау, ғылыми жалпылама, жобалардың ғылыми негіздемесі мақсатында зерттеулер, эксперименттер өткізумен байланысты жұмыс.

Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу ғылыми-зерттеу жұмысына жатпайды.

29. Джумат Каргин · 

ЕҰУ ВБ конкурсының 2-компоненті бойынша семинар өткізуді талап ететінін санайды 

Жауап: Ағымдағы жылдың тамызында 2-Компонент бойынша Инновациялық консорциумдарға конкурс жариядау жоспарлануда. «Инновациялық консорциум» туралы конкурс жарияланғаннан кейін Жоба қызметкерлерімен ғылым және бизнес қатысушылары үшін түсіндіру семинарлары өткізіледі, конкурс БАҚ-на жарияланады, ғылым және бизнес қатысуымен дөңгелек столдар өткізіледі. Сұрақтар туындаған кезде Сізді қызықтыратын сұрақтарды түсіндіре алатын және жауап беретін жоба менеджерлеріне жүгінуге болады. 

30. Гани Жуматай · 

Сәлеметсіз бе! 2015 жылы аяқталған жобалар бойынша мониторинг өткізіледі ме? Рахмет 

Жауап: Мониторинг іске асыру кезеңі – 2015 жылдан 2017 жылдар бойынша жобаларға өткізіледі. Бұрын басталған және 2015 жылы біткен жобалар бойынша мониторинг өткізілмейді.

31. Aues Aupet · 

«Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасы жалғасады ма? Рахмет. 

Жауап: Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі үшін «Ньютон – Әл-Фараби» бағдарламасын одан әрі іске асыру маңызды. Бүгінде ғылыми зерттеулердің бірлескен нәтижелері бар; бағдарлама жобаларын қаржыландыру осы жылы жалғасатынын күтеміз. 

32. Айман Медеубаевна · 

Күнтізбелік жоспарда көрсетілген ғылыми зерттеулерді орындау кезеңдерін жоспарлау бөлінген қаржыландыру көлеміне сәйкес келмейді. Аталмыш кезеңде мәлімденген күнтізбелік жоспарға сәйкес орындауды талап етеді. Қаржыландыру өте аз. Бұл жағдайда не істеуге болады? Ғалымдардың еңбегі мен үлкен ұжым еңбегінің басылымы - Атласты қалай төлейміз? 

Жауап: Бұл үшін Сіз жыл басында Ғылым комитетіне хат жаза аласыз, одан әрі ол негіздемемен Күнтізбелік жоспарға өзгертулер енгізу туралы ҰҒК-ке қайта бағытталады, ҰҒК өтінішпен сәйкес Күтізбелік жоспардың өзгерісі бекітілетін отырыс хаттамасын бағыттайды. 

33. Гульжан Смаилова · 

Сәлеметсіз бе Болатбек Серікбайұлы. Сізге қазақстандық ғылымды дамытуда жетістіктер тілеймін. Ғылым туралы қолданыстағы заңнамада және бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну ережелерінде (ҚР ҚМ) ғылыми тақырыптарға бюджеттік өтінімдер құрамында МҒТС қорытындысының болу талабында қорытындыланатын қайшылық болады. Біз аталмыш мәселе бойынша ҚР БҒМ екі рет жүгіндік, алайда ҚР БҒМ жауабын ҚР ҚМ қабылдамады және 2018-2020 жылдары аталмыш бағдарламаға қаржыландыруды ҚР ҚМ қолдамады. Ғылым саласындағы уәкілетті орган ретінде аталмыш проблеманы шешу үшін Сіздің ведомствомен қандай шаралар қабылданатынын білгіміз келеді. 

Жауап: «Ғылым туралы» ҚР Заңына сәйкес бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін бағытталады және конкурстық ресімдерсіз Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша немесе конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы мен «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 Қаулысы арасында қайшылықтар жоқ. Себебі Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидасының 5-тармағына сәйкес МҒТС тапсырыс берушінің өтінімі бойынша ұйымдастырылады. Тапсырыс беруші Қағиданың 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес ұйымдастырушымен МҒТС ұйымдастыру және өткізудің өтеусіз шартын жасаған заңды немесе жеке тұлға болып табылады.

34. Алмасбек Абсадык · 

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көтерілген мәселелерге байланысты 2014-2017 жылдарға белгіленген гранттық жобалардың ішінде мақала мазмұнымен гуманитарлық саладағы үндес жобаларды қайта қаржыландырып, жаңа міндеттер қою жолын Комитет тарапынан қарастыруға болады ма? Қалай қарайсыз? 

Жауап: Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 1 хаттамасына сәйкес, 2018 – 2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудың «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (21 ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындаңы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» басым бағыты мақұлданды.

Аталған бағыт бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері қатысуға құқылы, ҚР  «Ғылым туралы» Заңына сәйкес.   2018-2020 жылдарға арналған конкурс туралы ақпарат ағымдағы жылы Ғылым комитетінің  интернет-ресурстарында (sc.edu.gov.kz) орналастырылады.

35. Denis Yurin 

Сәлеметсіз бе, Болатбек Серікбайұлы! Мынадай сұрақ: Ғылыми ұйым / институт компьютерлік есептеуіш кластерін қалай сатып ала алады? Базалық қаржыландыру үшін бұл барлық жылдық қаржыландыру көлемімен салыстырылатын өте үлкен сома. ПЦФ және ГФ кіші бағдарламаның немесе жобаның жалпы сомасынан 20% аспайтын мөлшерде тек жабдықтар шығынын түсіндіреді, дұрысы кластердің өзін немесе оның қондырғыларын емес, жеке компоненттерін сатып алу. Сонымен бірге есептеуіш технологиялар, сандық модельдеу ғылыми зерттеуде түбегейлі мәнге ие болады: сонымен Батыста ғылыми институттың жеке компьютерлік кластері болғаны күнделікті жайт саналады. Рахмет! В.Г. Фесенко атындағы Астрофизикалық институт қызметкері, Денис Юрин. 

Жауап: Қазіргі уақытта компьютерлік есептеуіш кластерлер көптеген ғылыми орталықтарда бар, мысалы, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ-де супер компьютері бар ұжымдық қолданылатын Ұлттық зертхана бар. Сондықтан аталыш жағдайда өзі есептері мен есептеулерін орындау үшін олармен жұмыс істеген тиімді болады.

36. ЕҰУ департаменті 

Қайырлы күн! Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ атынан сұрақтар: ЖОО-ның 2 және 3 компоненттер бойынша Дүниежүзілік банк конкурсында артықшылықтары болады ма? 2-компонент, Дүниежүзілік банк желісі бойынша 3-компонент конкурстарының нақты басталу, сондай-ақ ҚР БҒМ желісі бойынша 2018-2020 жылдары гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру мерзімдерін айта аласыз ба? 

Жауап: Ағымдағы жылдың тамызында 2-компонент бойынша Инновациялық консорциумдарға конкурс жариялау жоспарлануда. 3 – компонент бойынша конкурс болжаммен қазанда өтеді. Нақты мерзімдері анықталады. 2018-2020 жылдарға арналған гранттық және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру конкурстары ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жоспарланады.

37. Feruza Ospanova · 

Қоғамдық денсаулық сақтауға, әсіресе аурулар профилактикасына бағытталған жобалар қаржыландырылады ма. Бұл жобаларды коммерциаландыру мүмкін емес. 

Жауап: ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2017 жылғы 5 сәуірдегі отырыс хаттамасымен «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар»  ғылымды дамыту артықшылығы мақұлданды. 

2018-2020 жылдарға арналған гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде аталмыш артықшылықтар бойынша ағымдағы жылы конкурс жарияланады. «Ғылым туралы ҚР Заңына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалы конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері қатысуға құқылы.     

Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру конкурсы мерзімдік басылым шығарылымында уәкілетті органмен (ҚР БҒМ Ғылым комитетімен) немесе салалық уәкілетті органмен (ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен жарияланады және конкурс жариялаған уәкілетті органның  (sc.edu.gov.kz) немесе салалық уәкілетті органнның интернет-ресурстарында орналастыруға жатады.

ҒҒТҚН жобаларының гранттық қаржыландыруының негізгі міндеті технологиялар мен инновацияларды коммерциаландыру болып табылады. Денсаулық сақтау облысындағы жобалар «Өмір туралы ғылым» артықшылықты бағытына түседі және мұндай жобалар қарастырылуы мүмкін, алайда артықшылықтарға сәйкес келуі тиіс.  

38. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 

1. ЖОО-ның ғылыми зертханаларын аккредиттеу ресімі (ресімнің өзін жеңілдету мүмкіндігі) 

Жауап: Бұл ресім аккредитация алу бойынша ережелермен бекітілген ресім, осыған орай ережелерге сәйкес жұмыс істеу қажет.

2. Коммерцияландыру шартының әрекет ету мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту мүмкін бе? 

Жауап:Ұзақ мерзімді талап ететін белгілі ғылыми бағыттарда мамандандырылатын жаңа гранттық бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі.

3. Коммерцияландыру кеңселерінің мамандары үшін біліктілікті арттыру және оқыту болжамданады ма? Себебі оларды мүлдем өткізбейді. 

Жауап: Бағдарлама ОКТ қызметкерлеріне арналған тренингтерді жүзеге асыруға міндетті түрде бағытталады. Біз ЖОО-да жаңа мамандықты шығаруды және коммерциаландыру облысында бағдарламаны әзірлеуді жоспарлаймыз.

39. М.Қозыбаев атындағы СКМУ 

1) Бізге ҚР БҒМ ҒК 2018-2020 жылдарға арналған ғылыи жобаларды іске асыру бойынша конкурсты жариялауды жоспарлайтыны қаншалықты белгілі. Конкурсқа қатысудың негізгі шарты шетел тарапынан қаржыландыру болады, яғни шетел тарапынан қаржыландыру болмаса өтінімдер қарастырылады ма? Анықтап беруіңізді сұраймыз.

Жауап: Бұл ережелер серіктестер елдерінде мақұлдауды параллель алатын бағдарламалар / жобалар ғана нақты қаржыландырылатын 2018-2020 жылдарға арналған Халықаралық ынтымақтастық бойынша Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ғана қатысты. Гранттық қаржыландыру мен Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға келетін болсақ, бұл жағдайлар қатысты болмайды.

40. Абай атындағы ҚазҰПУ

«ШЖҚ РМК» меншік нысанымен ЖОО ғылыми қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі Ғылым комитеті қандай ұсыныстар бере алады?

Жауап: Ұсыныстар үшін міндеттердің ерекше анықталуы талап етіледі. ҒҒТҚН коммерциаландырудың алуан түрлері болады. Жазылған жауап үшін Сізден біздің сұрақты анықтауыңызды және мамандардың ұсыныстары талап етілетін нақты жобаларды немесе міндеттерді белгілеуіңізді сұраймыз.

41. KurmangazyKNK

Сұрақ. Мәдениет және спорт министрлігіне қазір жататын шығармашылыұ ЖОО-да ғылыми гранттарға конкурстарға қатысу кезінде ресімдік қиындықтар болады ма? 

Жауап:  ҒҚ гранттары және коммерциаландыру бойынша Дүниежүзілік банк жобасының өтініш берушілерінің нысаны немесе түрі бойынша шектеулер жоқ. Жобаға, команданың болуына, дайын технологияның болуына қойылатын белгілі талаптар бар.

42. Mak ' Nait

Коммерцияландыру конкурсы бойынша. Егер аяқталған жұмыстың басшысы ЖОО жұмыс істемесе нәтижелері ЖОО-на тиесілі. ЖОО басқа ғалымның басқаруымен конкурсқа өтінім бере алады ма? 

Жауап: Зерттеуді қандай ғалым өткізгеніне қарамастан ҒҒТҚН құқығы ЖОО-да қалуы тиіс. Сондықтан келіспеушіліктерді жою үшін, жақсы ЖОО бойынша зерттеу жұмыстарын бастағанға дейін ғалымдармен барлық құқықтық қатынастарды реттеп алу керек. ҒҒТҚН құқықтары ғалымға емес, ЖОО тиесілі болғандықтан онда ЖОО гранттық қаржыландыруға өтінім беруге және өтінім беруші болуға толық құқылы, бұл ретте басшы ғылымның қандайда бір саласына ғалымды тағайындауы тиіс.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено