ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ҚР Парлментінің Сенатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылым туралы қолданыстағы заңнаманы іске асыру мәселелері талқыланды

28 қыркүйек 2018 601

Ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында қойылған міндеттерді орындау шеңберінде «ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылым туралы заңнаманын іске асыру барысы» атты дөңгелек үстел өтті. тиімділігін қос палатының депутаттары қарастырған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Дөңгелек үстел шеңберінде «Ғылым-Бизнес-Өндіріс» көрмесі болды. Көрмеде жоғары оқу орындарының ғылым саласындағы жетістіктері, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсетілді.

«Жаңа информациялық технологиялар» (Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты), «Сапалы ұзар өмір сүруге арналған НЭР синбиотикасын өндіріске енгізу» «Агрофирма РОДИНА» ЖШС, «Халық өмірінің сапасын жақсарту үшін косметологиялық, спорт және медициналық орталықтарында генетикалық тест өткізу қызметін көрсету» (Ұлттық биотехнология орталығы «Biogen» технопаркпен бірлесіп), «галлуазитті нано трубалар қолдану арқылы қара және түсті  металлдардың коррозиялық тұрақтылығын ұлғайту» (ҚарМТУ), «Рәзеңке және полимер қамтылған модификатор негізінде битум модификациялау және өндіру кешені» («ASPHALT TECHNOLOGY» ЖШС) жұмыстары ұсынылды.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов өзінің сөз сөйлеуінде осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Асхат Аймағамбетовтың айтуы бойынша: «гранттық жобаларды коммерцияландыру шеңберінде 2016 жылы 712 млн. теңгеден аса жеке инвестиция тартылды, қоса қаржыландырудың үлесі 8%, ал 2017 жылы жеке сектор тарапынан салынған сома 3 есеге артты, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды іске асыру үшін жеке бизнестіғ тарапынан қоса қаржыландыру үлесі 13% құрады».

Вице-министр Білім және ғылым министрлігінің қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруды әрі қарай дамытуда да қажеттілік көріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Аймағамбетовтың пікірі бойынша өндіріске инновацияларды ендіру қарқынына және жалпы ғылым аясының дамуына ықпал ететін бірқатар мәселелерді шешу қажет. Атап айтқанда, қазақстандық ғылымның әзірлемелерін өндіріске енгізетін кәсіпорындарға қатысты салық саясатын қайта қарастыру қажет.

Дөңгелек үстелге ҚР мемлекеттік сыйлықтардың иегері, ғылыми ұйымдардың басшылары, ҚР Ұлттық ғалымдар академиясы, мемлекеттік органдар, университеттер, бизнес өкілдері және жас ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел өткізу барысында ҚР ғылым туралы және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, аграрлық ғылымды дамыту заңнамасын іске асыру және  ғылым мен бизнесті біріктіру мәселелері талқыланды.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено