ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

У. Томпсон: Қазақстан ғылым мен инновация жолы арқылы адамзат әлеуетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады

12 шілде 2017 483

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Конгресс-орталықта Экономикалық серіктестік және дамыту ұйымының күні біркүндік конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі ең басты мәселе ғылыми қызметті дамыту және Қазақстан экономикасын әртараптандыруға арналған инновациялар төңірегінде өрбіді. ЭСДҰ-ның Қазақстандағы ЭСДҰ басқа да қызмет бағыттарымен байланысы бар қоршаған ортаны қорғау және халықтың амандығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстары ортаға салынды.    

Форум шеңберінде Қазақстан үкіметінің өкілдері, ЭСДҰ сарапшыларының және қызығушы жақтардың төрт тақырыптық кездесуі өтті. Шараға қатысушылар талқылау барысында Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да өзекті тақырыптар ортаға салынды: экономикалық өсімді жылдамдату бойынша құрылымдық әдістер; экологиялық бағытталған өсуді ынталандыру және қаржыландыру; Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару; инновация құрастыру, білімді дамыту және экологиялық бағытталған экономика жағдайында кадрлардың біліктілігін арттыру.

Қазақстандық экономиканы әртараптандыруға арналған ғылыми қызметтерді және инновацияларды дамыту бойынша тақырыптық жиналысты Еуразия бөлімінің, ЭСДҰ халықаралық қатынастар бойынша Секретариятының жетекшісі Уильям Томпсон ашып, аталмыш мәселенің Қазақстан үшін өзекті екенін және экономикалық өсу мен дамудың жаңа моделін құру маңызыдылығы туралы тоқтала кетті.

«Біз табиғи ресурстарды тиісінше басқару, инвесторлармен қарым-қатынас саласында баға құру саясатын көріп отырмыз. Осының арқасында тек экономикада ғана емес, халықтың әл-ауқатының басқа да көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Алайда Қазақстанға экономикалық өсу мен дамудың жаңа моделін табу керек. Соның арқасында газ және мұнай әлемдік бағасының құбылмалылығынан осалдылықты төмендетуге, екіншіден халық үшін анағұрлым жемісті жұмыс орындарын құру мүміндігі туады. Себебі біз инновация туралы айтқанда тек жаңа секторлардың дамуы туралы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы адамзат әлеуетін дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктермен қамтамасыз етуді де ескереміз», - деп түсіндірді У. Томпсон.

Сондай-ақ спикер ЭСДҰ Қазақстанға зерттеулер, инновациялар, жоғарғы білім жүйелерін нығайту арқылы қазіргі заманғы экономика қажет ететін адамзат әлеуетін, білімін, дағдысын дамыту үшін мәселелерді шешу керектігіне баса назар аударатынын атап айтты. 

ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов форумда Қазақстанның отыз дамыған елдер қатарына енуі үшін стратегиялық міндеттері ретінде ЭСДҰ стандарттары мен қағидаларын енгізу маңыздылығын тілге тиек етті. Білім және ғылым минстрлігі ЭСДҰ-ның білім және инновациялық саясат саласындағы зерттеулеріне еліміздің қатысуын қамтамасз етеді, сондай-ақ білім және ғылыми-техникалық саясат бойынша ЭСДҰ Комитетіне кіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.       

«Елдік шолу ұсынымдары бойынша біздің жүргізген реформаларымыздың бір мысалы – биылғы жылдан бастап мемлекеттік аттестацияны алмастырған қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған жоғарғы оқу орындарын аккредитттеу моделі. Өткен жылы университеттердің академиялық автономиясы бакалаврлар үшін 65%-ға дейін, магистрлер үшін – 70%, ғылым докторлары үшін – 90%-ға ұлғайтылды. Алдағы жылдары білім жоспарларының академиялық еркіндігі бакалавр дәрежесі үшін 75%-ға дейін ұлғайтылатын болады. Біз алға озып жұмыс істеп келеміз, жәнеде ҰБТ реформалау бағыты бойынша қазіргі шолу ұсынымдары да орындалды. Биылғы жылы мектептегі қорытынды аттестация және университеттерге түсу емтихандарына қатысты жеке рәсімдер жүйесі енгізілген», - деді Е. Садықов.

Сондай-ақ баяндамашы 2017-ші жылдан бастап мемлекеттік тапсырысты анағұрлым тиімді тарату мақсатында мемлекеттік және жеке меншік секторлардың қажеттіліктеріне сүйене отырып салалық жұмыс беруші қауымдастықтармен белгіленетін болады деп атап айтты. Академиялық еркіндікті кеңейту интернационалдандыруды дамытуға түрткі болады. Осылайша, 2020-шы жылға қарай жоғарғы оқу орындарындағы шет елдік студенттер үлесі екі есеге артатын болады. 

Жиналыс барысында еліміздегі экономикалқ және әлеуметтік әл-ауқат үшін қажетті білім алушылардың икемділігін, білімін және әлеуетін құру мақсатында республикалық ғылыми қызмет жүйесі, инновациялар және жоғарғы білімді нығайтумен байланысты Қазақстанның ағымдағы мәселелерін шешу әдістері талқыланды.

Айта кету керек, Экономикалық серіктестік және дамыту ұйымы мемлекеттерге экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді бірлесе шешу бірегей мүмкінгін ұсынады. Ол өз тәжірибелерімен бөлісіп, жалпы проблемаларды шешу жолдарын іздеу, қажетті жұмыс әдістерін анықтайды, ішкі және сыртқы саясатты үйлестіреді.    

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено