ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Степногорск қаласында Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды

01 қараша 2017 358

Биылғы жылы Қазақстанның көрнекті геологтарының біріне 118 жыл толды. Алайда, арада осыншама жыл өткеніне қарамастан Қаныш Сәтпаевтың зерттеулерінің нәтижелері осы күнге дейін егеменді Қазақстанның экономикасына септігін тигізуде. 

Геология негізгі саласы болып табылатын Республикамыздағы қалалардың бірі - Степногорск. Қазіргі Ақмола облысының аумағында 51 пайдалы қазбалар кен орындары орналасқан. Степногорск қаласының маңындағы Ақсу, Жолымбет және Бестөбе кен орындарында кен шығару жұмыстары ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында басталған. Бүгінгі таңда бұл фабрикаларда алтын алу орташа көрсеткіші 71,3-тен 91,8%-ға дейін болады.

Қала активімен шаһардың басты көшелерінің бірінде Қаныш Сәтпаевқа ескерткіш орнату шешімі қабылданған. 2017-ші жылдың 8-ші қыркүйегінде Қала күніне орай Степногорскіде биіктігі 3,6 метр мүсін пайда болды. Жобаның авторы - Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі Азат Баярлин. 

- «Туған жер» жобасы бар, Елбасының бастамалары аясында Степногорск назардан тыс қалмайды. Ағымдағы жылы, Қала күнін атап өту шеңберінде ғұлама ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа ескерткіш орнатуды шештік. Қаныш Имантайұлы туралы айтар болсақ, ол көрнекті тұлға, ғылым адамы, геологиялық теория адамы. Оның зерттеулері әлі күнге дейін тәуелсіз Қазақстанның экономикасына септігін тигізіп жатыр. Степногрск қаласының экономикасы дәл осы геологияға негізделіп отыр, - деді өзінің сұхбатында Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпеев.  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено