ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызметті коммерциялау барысы туралы

02 қазан 2017 470

2017-ші жылдың 28-ші қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Әбдірайымның төрағалығымен «Жоғарғы технологияларды дамыту» бағыты бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Б. С. Әбдрәсілов 2016-2017-ші жылдардағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциялау туралы» заңның жүзеге асырылу барысы жайлы баяндама оқыды.

Төраға «Ғылым қоры» АҚ желісімен гранттар беру, өткізілетін байқаулар бойынша және Дүниежүзілік банктің «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру бойынша қазақстандық ғалымдардың жобаларын коммерциялау туралы ағымдағы ақпаратты мәлімдеді. Сонымен қатар спикер ғылымға жеке инвесторларды анағұрлым көбірек жұмылдыру мақсатында заңға тәуелді актілерді жетілдіру мәселелерін қозғады.   

Оған қоса, «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың қыркүйегінде өндірістік сектор консорциумы үшін гранттық қаржыландыруға байқау басталды. Оның басты мақсаты – саланың жүйелі міндеттерін шешетін жаңа технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындар арасында серіктестік орнату болып табылады. 

Сонымен қатар инклюзивті инновациялар консорциумы үшін гранттық бағдарламаларды іске қосу, Қазақстанның ірі университеттерінде технологияларды коммерциялау кеңселеріне қолдау көрсету және «Астана» Халықаралық қаржылық орталық, «Инновациялық обсерватория» негізінде ерте қаржыландыру Венчурлық қорын құру туралы жоспарлар айтылды.

Сонымен қатар депутаттар алдында заңнамалық шектеулерге байланысты ғылым мен жобаларды коммерциялау саласындағы кейбір проблемалар туралы да айтылды. Ол мәселелерді ғылыми жаңашылдықтарды барынша тезірек коммерциялау үшін жақын арада шешуге болады және қажет.   

Отырыс қорытындысы бойынша қазіргі Бюджеттік және Салық кодексіне коммерциялау жобаларын ҚҚС төлеуден босатуға қатысты және қыржылық құралдарды жұмсауды тиімді жоспарлау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ұсыныстары қабылданды.

Аталмыш ұсыныстар ҚР Салық кодексінің жаңа жобасының шеңберінде қарастыру үшін Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына ұсынылады.  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено