ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Гранттық қаржыландыру туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

18 тамыз 2017 5875

Ғылым комитеті 2017-ші жылдың 15-ші тамызында  байқауы хабарланған гранттық қаржыландыру туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жариялайды  

Сұрақ: Берілетін сұранымдар көлемі бойынша

Сұрақ: 1. Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің қатарынан), оның қатарында ұйым басшылары.

- байқауға қатысуға екіден көп емес жобалардың ғылыми жетекшісі және бір жобада орындаушы ретінде немесе бір данадан аспайтын жобада ғылыми жетекші немесе екіден аспайтын жобада орындаушы ретінде өтінімді тапсыруғақұқылы.

- бұл орайда байқау қорытындысы бойынша екіден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі және бір жобаның орындаушысы болуға құқылы. 

2. Ғылыми жетекші емес жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің қатарынан) үштен аспайтын жобаларды орындаушы ретінде байқауға қатысуға өтінім тапсыруға құқылы. Бұл орайда байқау қорытындысы бойынша екіден көп емес жобада орындаушы болуға құқылы. 

Сұрақ: Жеке тіркеу нөмірін (ЖТН) алу бойынша 

Жауап: Жеке тіркеу нөмірін алу үшін (ары қарай ЖТН)зерттеу тобының ғылыми жетекшісі және топтың барлық мүшелері «МҒТСҰО» АҚ ақпараттық жүйесінде (is.ncste.kz) (ары қарай – АЖ) тіркелулері тиіс. АЖ-ге тек жобаның ғылыми жетекшісі ғана өтінім бере алады.

Ол үшін АЖ-де барлық қажетті жолақтарды толтырып, сонымен қатар келесі құжаттардың электрондық нұсқасын қосу қажет:

1) Мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе хат;

2) Мемлекеттік және орыс ілдерінде жоба бойынша берілетін ақпараттың нақтылығы туралы өтініш; 

3) Үш тілде жобаның шағын сипаттамасы;

4) Байқауға қатысуға үш тілде өтініш; 

5) Өтініш берушінің аккредитация туралы кәулігінің сканирленген көшірмесі;

6) Әдеп мәселелері бойынша орталық немесе локальді комиссияның (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеу үшін) жағымды қортындысы болуы;            7) Ортақ қаржыландыру туралы мәлімет (болған жағдайда)

Сонымен қатар барлық зерттеу тобының мүшелері АЖ-ға қатысуын нақтылау қажет. 

Ары қарай «Өтініш беру» тетігін басу керек. Одан кейінАЖ автоматты түрде өтініштің ЖТН береді.

ЖТН алған соң АЖ-де тіркелген барлық құжаттарды шығару қажет. 

Ары қарай (қолмен жавзбаша немесе баспа түрінде) тек өтініштің қағаз түріндегі бірінші бетінде ЖТН қойылады. АЖ-де бекітілген файлдарда (өтініш, ілеспе хат) ЖТНқойылмайды. 

Жүйемен жұмыс жүргізу ережесін ИС-та (is.ncste.kz) немесе «МҒТСҰО» АҚ (www. ncste.kz) сайтынан жүктеп алуға болады.  

Сұрақ: Ғылыми жетекшілерге қатысты талаптарды түсіндіру

Жауап: Әр облыстағы қоғамдық, және гумманитарлық, ауылшаруашылық, ветеренария ғылымдарының ғылыми жетекшілеріне өз жұмыстарын шетелдік басылымдарда  жаряилау үшін келесі шарттарды білулері керек:  

Бастысы жариялымдары Ресей Украйна, Беларусияның библиографиялық дерекқорларның базасында индекстелген болуы мүмкін. Мұндай шет елдік журналдар Scopus и Web of базасына енбеуі мүмкін .

Бұған қоса бұл талаптар биыл 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми жобалар бағдарламасының аяқталуына байланысты енгізіліп отыр. Орындаушылар конкурстық құжаттарға сәйкес зерттеу кезеңінде гранттық жобаларды жариялау тиіс. Екі ғылыми жобадан аз болмауы керек.  

Сұрақ: Scopus и Web of Science мәліметтер базасына қандай журналар кіреді? 

Жауап: Журналдар жайлы толық ақпараттыhttp://www.scimagojr.com/ мына сілтемеден таба аласыздар 

​Сұрақ: Қазақстан Республикасының резиденті кім?

​Жауап: Бұл сұрақ бойынша «Қазақстан РеспубликасыныңКодексіндегі «Резиденты» 189 бабын басшылыққа алу керек.  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено