ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстан тарихы туралы кітаптар, әйгілі ақмолалықтар мен Тарих пен этнология институтының жоспарлары туралы

10 тамыз 2017 737

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Альма-матер: Омбы мемлекеттік университеті, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты

«Қаланың да адамдар сияқты өз тағдыры бар»

Омбы мемлекеттік университетінде оқи отырып, мен университет жанындағы археология және этнология музейінің директоры болып қызмет атқардым. 13 жылдан астам уақыт ЕҰУ-де жұмыс істедім, атап айтқанда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, тәрбие ісі жөніндегі проректор, әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор, ректордың кеңесшісі қызметтерін атқардым.

2014 жылы  мен өзімнің туған өлкем - Омбы облысына қарасты Таврия ауданындағы Байдалы ауылының тарихы жөнінде кітап жазуды ұйғардым. Кітаптың тарылымы көп болмағанымен елді мекенде сұранысқа ие болды. Бүгінде менің жерлестерім өздерінің туған өлкесі жөнінде жазып жатыр, айта кетейін, қазіргі таңда ауылдың саны 40-қа жетті, ал 100 жыл бұрын Омбы облысында олардың саны 800-ден асатын еді. Бұл қанша ауыл жоғалса, онымен бірге сонша тарих жоғалды деген сөз.

Кішігірім өңірлерді зерттеу арқылы біз мемлекеттің тарихын сапалы әрі дәйекті жазуға мүмкіндік алып отырмыз.

2015 жылы біз ғылыми ұжыммен бір топ ынтагерлермен бірлесе отырып «Ертіс жағалауындағы Омбы қазақтары» энциклопедиясын жарыққа шығардық.  Біз Ертіс жағалауындағы Омбы қазақтарының көне ғасырдан қазіргі заманға дейінгі күнделікті күйбең тіршілігі, өмірі туралы мәліметтерді бір жүйеге топтастырып, жазып шықтық. Материал қысқа мақала ретінде әзірленді, қайнар көзі көрсетілген сілтеме бар. 

«Туған жер» президенттік бағдарламасы алға қойған мақсаттарға жетуге септігін тигізеді. Мақсат – әр елді мекеннің тарихы жөнінде жазу, сол мекен туралы ақпар қалдыру.

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты жөнінде

Біздің институтта саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшы, барлық академиялық атағынан айырылған, қазақ халқының тарихын жазуға ұмтылғаны үшін Сталин кезінде лагерьге жер аударылған, "XХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" монографиясының авторы  Ермұхан Бекмаханов, Ақай Нүсіпбеков, Манаш Қозыбаев, академик Мәмбет Қойгелді, ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Қамал Бұрханов, Саттар Мәжітов, академик Ханкелді Абжанов жұмыс істеді.

Институт қазақ халқының тарихын және этнологиясын терең зерттеумен айналысады. 1970 жылы жарыққа шыққан «Қазақ КСР  тарихы», 1990-2000 жж. жарияланған «Қазақстанның тарихы» сынды құнды дүниелерді біздің институт ғалымдары жазып шыққан.

Биыл «Алаш Орда» қазақ автономиялық мемлекетінің құрылғанына 100 жыл толуы аталып өтеді. Оған қоса біз биылдан бастап аталмыш қозғалыстың танымал емес мүшелері туралы мәліметтерді зерттей бастаймыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтар жайлы тақырып маңызды әрі өзекті тақырыптардың бірі. Айта кетейік, Қазақ КСР 1,5 млн. адамды майданға аттандырған болатын, бұл қазақ халқынының 26 пайызынан астамы. Олардың жартысынан көбі сұрапыл соғыста қаза тапқан болатын. Қалған республикалармен салыстарғанда КСРО құрамына кірген Қазақ КСР азаматтарын майданға ең көп жіберген ел. Кейбір мәліметтер бойынша 42 пайыздан 70 пайызға дейін қазақ халқы қаза тапқан ашаршылық нәубеті мен  саяси қуғын-сүргінді есепке алғанда, бұл таңқаларлық факт. 

Біз бүкіл Қазақстан бойынша кең ауқымды жұмыс атқаруды жоспарлаудамыз, осы орайда барлық облыс тарихшыларымен тығыз қарым-қатынас орнатып отырмыз. Біз бұл жұмысқа институт базасы негізінде оқитын ұлттық және мемлекеттік құндылықтарға ерекше көңіл бөлетін докторанттарды тартуды көздеп отырмыз.

1931-1933 жж. аралығында қазақ халқының азаюына әсерін тигізген ашаршылық нәубеті әлі күнге дейін ең зардабы көп қайғылы оқиғалардың бірі болып табылады. Біз ашаршылыққа тап болған, Жамбыл облысы тұрғындарының естерліктеріне негізделген материал дайындадық. 560 беттен тұратын кітап 1000 таралыммен жарық көрді, ол өңірдің кітапханаларына таратылды. Адамның естеліктеріне негізделіп жазылған оқиға - құнды жазба, өлшеусіз еңбек болып табылады. 

Біз маңызды тарихи сәттерге куә болған адамдардың мемуар жазуына бастамашылық етеміз. Бұл орайда біз сауалнама дайындап, оны еліміздің барлық өңірлері бойынша жібереміз, жергілікті өлкетанушылар мен тарихшыларға кеңес беріп, аға буын өкілдерінен құнды мәліметтерді жинаймыз.

Жас тарихшылар мен этнологтар үшін мүмкіндіктер жөнінде

Биыл бізге доктурантуға 3 орын, магистратуға 12 орын бөлінді. Институт үшін бұл  жас дарындарды дайындауда таптырмас мүмкіндік.

Көптеген елдерде тарихшылар 50 жылдан асып кеткен оқиғаларды тіптен зерттемейді де, себебі бұл әлеуметтенушілер мен саясаттанушылардың міндеті.

Бүгінгі таңда тарихшыларға диссертация жазу қиындыққа соқпайды, тіпті елден алыстап, міндетті түрде шетелге шығу қажет емес, себебі барлық қажетті материалдар ғаламторда жарияланған. 

Мұрағатта шаң басқан кітаптарды ақтарып,  сол жердегі сәтті сезе білу керек! Тарихи сәтке куә болған адамдардан сауалнама жинау өте қызықты әрі әсерлі, бұдан қашпау керек, қорықпау керек.

Біз елшіліктермен, халықаралық қорлармен жұмысты жандандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде біздің ұжым ағылшын және басқа тілдерде жарық көретін «Қазақстанның қысқаша тарихы» атты кітапты әзірлеу үстінде. Одан бөлек ағылшын тілді оқырмандар үшін Ш. Уәлихановтың тарихи-этнологиялық еңбектерін дайындаудамыз. Біз әлемді өзіміздің бай мұрамызбен, тарихымызбен әрі мәдениетімізбен таныстыруымыз керек.

Астана тарихы бойынша алғашқы ақпараттық кітапша туралы

Миллионнан астам тұрғыны бар Астана еліміздің ең жас қаласы әрі астанасы болып табылатынына қарамастан, әлі күнге дейін бас шаһардың көне заманнан қазіргі күнге дейін тарихы жөнінде сыр шертетін кітап жоқ. ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне орай мен қазақ халқының тарихы мен ділі туралы, бас шаһар туралы сыр шертетін «Астана. Өткені мен бүгіні» кітабын жазып, әзірлеп шықтым. Қазір ақпараттық кітапшаны қазақ және ағылшын тілдеріне аудару бойынша жұмыс атқарылуда.

Кітапта ұлы есімдер де бар. Кітапта еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Қабанбай батыр, Жұмабек Тәшенов, Рақымжан Қошқарбаев және т.б. ұлы тұлғалардың есімі берілген көшелер де көрініс табады. Мәселен, 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы жазылған, айта кетейік, өткен жылы ғана елордада ұлы тұлғаға арналып ескерткіш бой көтерді.

«Астана – өткені мен бүгіні» кітабын оқи отырып, сіз келесі мәліметтерге қанық бола аласыз:

  • Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Түркменстанға бермей, Қазақстанның аумағын қорғап қалған тұлға кім?
  • АЛЖИР қабырғасында қанша сәби дүниеге келді?
  • 18 ғасырдағы «кедей қазақтың» табынында қанша қой мен жылқы болған?
  • Рақымжан  Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов және Сағадат Нұрмағанбетовті қандай жағдай біріктіреді?
  • Тұрақты түрде қымыз ішумен, атқа міну қазақтардың  денсаулығына қалай әсер етті?
  • Қай жылы Ақмолада алғашқы кинотеатр ашылды?
Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено