ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Мемлекеттік қызметшілердің әдебі және мінез-құлық нормалары бойынша семинар-кеңес өткізілді

29 маусым 2018 818

2018 жылғы 29 маусым, сағат 11:00-де Министрліктер үйінің 607 - кабинетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитетінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдебі  және мінез-құлық нормалары бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Ш. Айдабулин «Әдеп жөніндегі уәкіл институты туралы» баяндап, бейне-ролик көрсетілді.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі  С.С. Алгалиев өз баяндауында «Әдеп сақтау бойынша өткізілетін анонимдік сауалнаманың қортындысы» негізінде жасалған диаграммалық кестесін көрсетіп, талдау жасады. «Әдеп Кодексі жөнінде түсініктеме» таныстырылым-слайдтары көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

Ғылым комитеті төрағасының орынбасары  Е.Т. Садыков қорытындылай келе, Ғылым комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі С. Алгалиевтің жұмысына ризашылығын білдіріп, қызметкерлер арасында өткізіліп отырған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі қағидалары мен талаптары бойынша түсіндірме жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуін жалғастыруды ұсынды.

Семинар-кеңес барысындағы ақпаратты мәліметке алып, қызмет бабында қолданып, орындау үшін ұсынымдар жасалып, отырыс хаттамасында тіркелді.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено