ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

 ҚР Ұлттық ғылым академиясы президенттің халыққа Жолдауын талқылады

03 ақпан 2017 554

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы 2017 жылдың 3 ақпан күні «Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі мәселелерін жүзеге асыру туралы міндеттер» тақырыбына байланысты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауына байланысты ҚР ҰҒА Төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысының үшінші модернизацияның бес басымдығын жүзеге асыруда республиканың ғылыми қоғам алдында кең көлемде талқыланды. Ол Қазақстан-2050 Стратегиялық мақсатына жетуге мүмкіндік беретін, ғаламдық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық өсім болатын жаңа модель болып табылады.

Бұл отырыста Үшінші модернизациялаудың негізгі басты басымдықтары талқыланады, яғни экономиканың жеделдетілген технологиямен қайта жабдықталуы, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешені, транспорт және логистика, тұрғын үй нарығының дамуы мен оның мемлекеттік қолдау механизмі, сондай-ақ қазақстандық ғалымдардың инновациялық және сандық технологияларды жасауға қатыстыру және елді толық үшінші модернизациялау үдерісіне қатыстыру туралы айтылды. 

ҚР ҰҒА Төралқасының отырысына академиктер, корреспондент-мүшелері, ҚР ҰҒА құрметті мүшелері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ директорлары шақырылған.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено