ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ҚР БжҒМ Ғылым комитеті қызметкерлеріне Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылы бойынша дәріс/нұсқау өткізілді

25 маусым 2018 653

2018 жылғы 22 маусымда сағат 11:00-де Астана қаласы «Есіл» ауданы, Мәңгілік ел даңғылы 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимаратының 10 – қабатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті қызметкерлеріне өртке қарсы білімдерді насихаттау, қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту мақсатында «Өрт қауіпсіздігі шаралары», «Барлықтарыңыздың назарына» азаматтық қорғаныс хабарландыру белгісі бойынша іс-қимылдар» тақырыптары бойынша&

Персоналды басқару қызметі басшысы, азаматтық қорғанысқа жауапты  Серік Сакенұлы Алгалиев дәріс/нұсқаудың өткізілуі мақсатымен, оқытушыларымен таныстырып, азаматтық қорғаныс оның ішінде, өрт қауіпсіздігі бүгінгі күнде қоғамдағы өзекті мәселе екендігіне тоқталды.

Дәріс/нұсқау барысында Астана қаласы ТЖД Есіл аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері капитан Ағатаев Азат Мұратұлы мен лейтенант Солтанбеков Ернат Саятбекұлы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және  жоюға, өрт қауіпсіздігінің қағидаларымен таныстырды.

Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері бейнеролик, көрнекті плакат құралдары және өртсөндіргіш құралдары көмегімен төтенше жағдайдар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін және өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау шаралары іс әрекеттерін көрсетіп, құралдарды қолдануды үйретті.

Қатысушы қызметкерлердің сұрақтарына жауап берген Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері төтенше жағдайлар туындаған жағдайда  қызметкерлердің қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі туралы оқу-тәжірибелік сабақтар өткізудің  маңыздылығын атап өтіп, семинар-сабақтың ұйымдастырушыларына ризашылық білдірді, бұдан әрі тығыз байланыста жұмыс жүргізуге әзір екендіктерін жеткізді.

Семинарға қатысушылар күнделікті өмірде пайдалы мағұлыматтар алғандықтарын айтып, алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралар өте маңызды – деген пікір білдірді.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено