ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ҚР Білім және ғылым министрлігінде «Жоғары оқу орындарындағы ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» селекторлық режімде кеңес өтті

16 қазан 2018 506

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Ғылым және білім вице-министрі А.К. Аймағамбетовтің төрағалығымен «Жоғары оқу орындарындағы ғылымды дамыту және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» селекторлық режімде кеңес өтті («Қазақстан халқы әл-ауқатының өсуі: кірісті және сапаны арттыру» 2019 жылғы 5 қазан және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтар)

Кеңеске жоғары оқу орындарының ғылым жөніндегі проректорлары, ЖОО жанындағы ғылыми-зерттеу институттарының, барлық өңірлердегі коммерцияландыру кеңселерінің жетекшілері қатысты.

Кеңесте халықаралық деректер базасына ену, жариялау белсенділігі және «жалған» журналдар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияны ынталандыру» жобасы, МИИ ДБ шеңберінде құрылған зертханаларды аккредиттау, базалық қаржыландыру туралы және т.б. мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына ғалымдар үшін өзекті міндеттерді болжау мен талдаудың бірыңғай деңгейлік жүйесін құру, ғылымды қаржыландыру мен басқару жүйесін жетілдіру, университет ғылымын дамыту, жас ғалымдарды қолдау, университеттер мен ғылыми ұйымдарды үйлестіру және т.б. мәселелері қамтылатын Ғылымды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Сонымен бірге, жоғары оқу орындарына ресми сайттарда ғылым бөлімін ашу және ғалымдар үшін қажетті өзектендірілген ақпаратты орналастыру тапсырылды.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено