ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ҚР БҒМ «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасының қорытындылары туралы мәлімдеді

25 қазан 2017 449

24-ші қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Дүниежүзілік банктің «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде министрліктің атқарған жұмыстарының қорытындысы айтылды.

Баспасөз мәслихатына ҚР білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов, «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топ директорының орынбасары Мұрат Сартбаев, «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Бауыржан Ерешев, «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Дархан Сейтқазин және «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Алан Өтеғұлов қатысты.     

Болатбек Әбділәсілов айтқандай, «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасы бес жылға шақталған, төрт құрамадан құралады, жәнеде бүгінгі таңда алғашқы нәтижелері бар. «Аға ғылыми қызметкерлер тобы және кіші ғылыми қызметкерлер тобын қолдау» бірінші құрама бойынша 45 жоба қаржыландырылуда.

Бірінші құрама – инновацияларға арналған білім негіздерін дамыту. Бұл қосымша құрама аясында екі гранттық бағдарламалар қарастырылған: аға және кіші ғылыми қызметкерлердің гранттық бағдарламасы және пост-докторанттардың PhD-зерттемелері немесе қазақстандағы және шет елдегі PhD-докторанттарға арналған гранттық бағдарламалар.   

- Аталмыш бағдарламалардың басты мақсаты – Қазақстанның экономикасы мен өндірісі үшін қажетті сапалы ғылыми зерттеулерді өткізу және дамыту, ол технологияларды коммерциялау болып табылады. Осы мақсатта «Технологияларды коммерциялау» жобасын жүзеге асыру аясында жиналған үздік халықаралық тәжірибе мен машық пайдаланылды. АҒКТ және КҒКТ гранттық бағдарламасы бойынша арнайы түрде 9 халықаралық кеңесшілері бар тәуелсіз кеңес беру органын уақытша алу туралы келесім аясында ғылым және коммерциялау бойынша Халықаралық кеңес құрылды, - деп атап өтті өз баяндамасында Мұрат Сартбаев.

Байқау өткізу барысында ТОП-ЖОО және халықаралық ғылыми орталықтарға хабарлама таратылды. Соның нәтижесінде байқауға 109 халықаралық сарапшылар қатысты. Қорытынды бойынша түрлі бағыттағы 9 халықаралық, оның ішінде екі қазақстандық сарапшылар іріктелді, сондай-ақ технологияларды коммерциялау бойынша мамандар таңдалды. Ары қарайғы мониторингті Халықаралық кеңес жүргізетін болады. Әр жарты жыл сайын Халықаралық кеңес Қазақстанды, оның ішінде жобаларды жүзеге асырылу орындарында аралап, бақылайтын болады. Осылайша, оларды түбегейлі сүйемелдеу жүргізіледі.   

Ағымдағы жылдың 6-шы қыркүйегінен бастап «Өндірістік сектор консорциумы» бойынша гранттық бағдарлама жарияланған болатын.  

- Бағдарламаның мақсаты – ғылым мен бизнесті консорциум құру үшін біріктіру болды. Олар салалық және стратегиялық міндетке ие технологиялар мен шешімдерді құратын болады. Аталмыш бағдарлама бойынша 2 түрлі грант қаржыландырылады – консорциум мүшелері, кәсіпорын өндірістері, сондай-ақ басқа да сала өкілдерінің қажеттіліктері үшін жұмыс істейтін және халықаралық деп танылған университеттер базасында ғылыми-индустриалдық орталық құру. Екінші түр – кәсіпорын базасындағы ғылыми-индустриалдық консорциум. Ол аталмыш саладағы және ғылыми саладағы басқа кәсіпорындардың өзара басын біріктіреді, - деді «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Дархан Сейтқазин.  

20-шы қазанда байқау аяқталды, қорытынды бойынша 45 өтінім берілген, оның 17-і гранттардың бірінші түрі бойынша және 28-і екінші түрі бойынша. Сұралған сома шамамен 19 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде аталған қосымша қаржыландыру сомасы шамамен 4,5 миллиард теңге (жалпы сомадан 24 %). Негізгі бағыттар: құрылыс секторы, мұнай және газ, тау-кен металлургия және ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда өтінімдер ғылым және коммерциялау бойынша Халықаралық кеңестің қарастыруында жатыр. 5-6 қарашада қорытынды жасалады.

Оған қоса, Қазақстанда еліміздің барлық инновациялық процессінің барысы қадағаланатын тәуелсіз алаң ретіндегі инновациялық обсерватория құрылатын болады.

- Сіздер ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан бүгінгі таңда 59-шы орында тұрғанын білесіздер ме? Сондықтан инновация саласындағы еліміздегі барлық процесстерді қадағалайтын және үкіметке дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін белгілі бір баяндама ұсынып отыратын мұндай алаңды құру – бұл инновациялық обсерваторияның негізгі мақсаттарының бірі, - деді «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Бауыржан Ерешев.

Сонымен қатар бұл шешім еліміздегі инновациялық экожүйені жақсартуға септігін тигізеді.

«Коммерциялау циклін шоғырландыру» үшінші компонентін жүзеге асыру ағымдағы дәрежесі туралы «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасын басқару бойынша Топтың аға менеджері Алан Өтеғұлов айтып берді.

Аталмыш құрама төрт қосымша құрамадан құралады: венчурлық қор құру, технологиялық брокерлік, шет елде кеңселік-технологиялық жылдамдату және Қазақстандық алдыңғы қатарлы ЖОО жанындағы технологияларды коммерциялау кеңсесінің әлеуетін жоғарылату. Венчурлық қор АХҚҚ негізінде құрылатын болады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено