ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстандық ғылыми жобалар 500 шетелдік ғалымдардың қызығушылығын танытты.

24 тамыз 2018 659

2018 жылғы 17 тамызда Астана қаласында  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы өтті. Конференция барысында елдің педагогтары мектепге дейінгі, орта және жоғарғы білім беру  салаларындағы жоспарларды, мақсаттарды және реформаларды талқылады.

Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыруға бағытталған.  

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Е.А. Досаев және Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері» көрмесіне қатысты. Ол жерде қазақстандық ғылым мен білім берудің өзекті жобалары көрсетілді.

«Ғылым мен бизнесті біріктіру қазіргі уақыттағы ең басты тренд болып табылады» - деді министр өзінің сөзінде. Осы жылы барлық жобаларды іріктеудің 50 пайызы  бизнес өкілдерінің қатысумен өтті. Сонымен қатар, қазақстандық ғылымды  халықаралық ғылыми қауымына интеграциялау процесі жүргізіліп жатыр. Осылай, біздің 500 ғылыми жұмыстар шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтуде. Үш жылдың ішінде 3 мыңнан астам ғалымдарды ағылшын тілін оқытып, халықаралық ғылыми ұйымдардың гранттарына өтініш беру процедурасын үйрету жоспарлануда.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено