ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстандық ғалымдар Springer Protocols базасынан 20 мыңнан астам хаттамалар жүктеді

12 ақпан 2018 3260

2017-ші жылдың қарашасында Қазақстанның университеттері, ғылыми-зерттеу ұйымдары және ғалымдары Springer Protocols ғылымизерттеулердің хаттамалары базасына рұқсат алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігімен өткізген келіссөздің нәтижесінде Springer Nature компаниясы 2017-ші жылдың қарашасынан 2018-ші жылдың желтоқсанына дейін баспаның журналдары мен мақалаларына берілген ұлттық жазылымға қоса әлемдегі ең үлкен ғылыми зерттеулердің онлайн-хаттамалары базасының бірі - Springer Protocols-қа  тегін толық мәтінді рұқсат ашты. Аталмыш базаның ішіне 50 000-ға жуық ғылыми зерттеулердің хаттамалары кіреді.

Базаға рұқсат алған уақыттан бері, 2017-ші жылдың қараша-желтоқсанында, Қазақстандық ғалымдар 20 739 хаттамаларды жүктеген. Барлық-жоғы базаны 70-тен астам ұйымдар пайдаланған, олардың ішінде 5 ұйым көш бастап тұр: С. Д. Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік Медициналық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ф.М. Мұхамедғалиев атындағы эксперименттік биология институты.

Ғылыми зерттеулердің хаттамалар базасы келесідей зерттеу бағыттарын қамтиды: биохимия, биоинформатика, биотехнология, обыр зерттеуі, жасушалық биология, генетика/геномика, визуалдау/радиология, иммунология, инфекциялық аурулар, микробиология, молекулярлық медицина, нейробиология, фармокология/токсикология, өсімдіктер туралы ғылым және т.б.

Аталмыш ресурсты пайдалану қазақстандық ғалымдарға өз зертханалары жағдайында сынақтарды қайта құруға, әйгілі әлемдік әдістерді пайдалануға және өздерінің алдыңғықатарлы ғылыми зерттеулерін өткізуге мүмкіндік береді. Хаттамаларды іздеу, іріктеу және жүктеуді келесі сілтеме бойынша өтіп жүзеге асыруға болады: https://link.springer.com/search?facet-content-type=%22Protocol%22. Базамен жұмыс істеу бойынша орыс тіліндегі бейне нұсқаулықты мына жерден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=bYunIXOC1ek.

Қосылу сұрақтары бойынша келесі байланыстарға хабарласуларыңызға болады:

Springer Nature компаниясының өкілі Ирина Алексеевна Александрова, e-mail: irina.alexandrova@springer.com, ұялы тел. +7 701 7431444.

ҰМҒТСО халықаралық серіктестік басқармасы, e-mail: 3780544@bk.ru, тел. +7 727 3780578+7 727 3780544.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Springer Nature баспасының журналдары мен мақалаларына ұлттық жазылуды 2015-ші жылы алған болатын.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено