ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстандық ғалымдар «Ғылым көшбасшысы – 2017» номинациясында марапаттаулар алды

08 қараша 2017 1839

За высокие показатели публикационной активности и цитируемости по данным Web Science Core Collection за 2014-2016 годы в Алматы наградили учёных из Казахстана.

2014-2016 жылдардағы Web Science Core Collection мәліметтері бойынша жарияланымдық белсенділік пен дәйексөз алудың ең жоғары көрсеткіштері үшін Алматыда Қазақстаннан келген ғалымдар марапатталды.

Салтанат қонақтары Қазақстан мен Ресейдің ғылым, білім, саяси және экономикалық орта өкілдері болды.

 - Жыл сайынғы «Ғылым көшбасшысы» марапаттау салтанатын ашуға және осы салтанатты іс-шараның қонақтары мен барлық қатысушыларын шын жүрекпен сәлем беруге рұқсат етіңіздер. Осы салтанат беделді және біздің жас ғалымдарымыз асыға күтеді деп сенімділікпен айта алатын ұнамды дәстүр болуда. Бұл қандайда бір дәрежеде олардың ғылыми қызмет нәтижелерін, елдің ғылыми беделіне үлесті жоғары бағалау, -деп салтанатты іс-шараны Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың Ұлттық орталығының президенті Әділ Ибраев ашты. 

Іс-шара барысында «eLIBRARY.RU Ғылыми Электронды Кітапхана» компаниясының аналитикалық бөлімінің бастығы Павел Арефьев «Ұлттық және өңірлік индекстер: құрылыс стратегиясы және әдістемесә» тақырыбына баяндамамен сөз сөйледі. 

Мен мұндай қызықты іс-шараның бөлігі болуға өте қуаныштымын. Астанаға осы іс-шараға келе жатқанда, мен жақсы мағынада қызғаныш сезімін бастан кештім. Ұлттық деңгейде жетекші ғалымдар марапатталатын іс-шара ең алдымен елдің өзінің ғылымға қатынасының  жоғары деңгейі туралы және ғылыми саясат деңгейі туралы айтады, - деп П.Арефьев келушілерді қарсы алды. 

Сондай-ақ баяндамаларымен сөз сөйледі: «Clarivate Analytics компаниясымен ынтымақтастықта ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалары» баяндамасымен Clarivate Analytics мемлекеттік сектордағы бизнесті дамыту жөніндегі директор Сергей Христолюбов, «Оқу және ғылыми жұмыстарда ауыстырып алуды анықтау: проблемалар мен шешімдер» баяндамасымен   «Анти-плагиат» ЖАҚ атқарушы директоры Юрий Чехович, сондай-ақ «Clarivate Analytics ресурстарының деректері бойынша 2012-2016 жылдардағы Қазақстанның Зерттеу белсенділігі» баяндамасымен ҰМҒТСО президенті Әділ Ибраев. 

- Бүгін дәстүрлі болған өте маңызды іс-шара өтуде. Біз бүкіл әлем Web of Science  платформасында орналасуының арқасында оқитын, өткен жылғы ең құнды ғылыми қатынастағы және жоғары дәйексөзделетін жұмыстарын ұсынған Қазақстанның ғылыми әлемінің ең танымал өкілдерін, белгілі журналдары мен авторларын марапаттадық.Қазақстандағы ғылым өте қарқынды дамуда. Біз соңғы 6 жылда  жарияланымдар саны 6 есе өскенін көреміз және бұл бүкіл дүние жүзіне мақтанышпен айта алатын бірегей жетістік, Қазақстан мысалын бүкіл әлемде ғылыми ақпаратқа кіруді іске асыру бойынша ең жетістікті жобалар ретінде келтіреміз, - деп  Ресей және ТМД бойынша Clarivate Analytics компаниясының директоры Олег Уткин атап өтті. 

Марапаттау келесі номинациялар бойынша өткізілді: қазақстандық басылымдардың көшбасшысы және бірлескен шетел авторлардың қатысуынсыз жоғары дәйексөзделген қазақстандық жарияланымдар авторы.

«Қазақстандықғылымибасылымдаркөшбасшысының» біріншіноминациясында Eurasian Mathematical Journal, Eurasian Chemico-Technological Journal, Bulletin of the University of Karaganda – Physics, Bulletin of the University of Karaganda – Mathematics, Bulletin of the University of Karaganda – Chemistry, Central Asian Journal of Global Health марапатталды.

«Бірлескеншетелавторлардыңқатысуынсызжоғарыдәйексөзделгенқазақстандықжарияланымдаравторы» номинациясына (2014-2016 жылдардағы Web of Science Core Collection мәліметтерібойыншафизикасаласында Әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің авторлары (ТРамазановЖМолдабековМГабдуллинжәнеТИсмаганбетова); сондайақ Математика және математикалық модельдеу институтыА.Яссауиатындағы ХҚТУавторлары (МСадыбековБТөребекБТурметов)  марапатталды.

Техникалық ғылымдар саласында Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрхимия институты авторларының ұжымы (С. Иткулова, Г. Закумбаева, Е. Нурмаканов, А.Мукажанова, Ермаганбетова А.К.), Жоғары технологиялар институтының, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ (Н. Шокобаев, С. Боуффиер және Т. Даулетбаков) марапатталды.

Медицина саласында Назарбаев университеті мен Ұлттық медициналық холдингтен келген авторлар (А. Кенес Kenneth, Б. Эльдар, А. Какпенова, А. Муссабекова, С. Жусупбекова, М. Акан және Б. Султанкулов, Д. Абетов, Ж. Мустапова, Т. Салиев және Д. Буланин) марапатталды.

Аргарлық және биологиялық ғылымдар саласында  Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингтің, ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының авторларына (В. Кириллов, Т. Стихарева, Г. Атажанова, М. Серафимович, Б. Муканов, С. Адекенов, Ф. Мукашева және М. Ырымгали, К. Табынов, Ж. Кыдырбаев, Ш. Рыскельдинова, Б.Еспембетов, Н. Зинина, Н. Асанжанова, Е. Кожамкулов, Д. Инкарбеков, Т. Гоцкина, А. Сансызбай) авторлары марапатталды. 

- Біз бірлескен шетел авторлары болмайтын мақалалар бойынша номинантпыз. Бұл мақалалар негізінен біздің институттың қызметкерлерімен жазылды. Алғаш рет ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы бірегей дәрі әзірледік. Нәтижелері халықаралық патентке берілді, қазіргі уақытта Индиядағы Ұлттық фазада табылады. Дүниежүзінде алғаш рет біз осындай гендік-инженерлік вакцина алдық. Клиникалық сынаулардың барлық кезеңдері аяқталды. Келесі жылдан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің тіркеу куәлігі болады және коммерциаландыру бағдарламасының шеңберінде өндірістік тәжірибеге енгізіледі, - деп ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директоры Абылай Сансызбай жасалған жұмыс нәтижелері туралы әңгімелеп берді.

Әлеуметтік – гуманитарлық ғылым саласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің авторы (Г. Сеилов) марапатталды.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено