ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстанда «НӘР» синбиотигінің өндірісі іске қосылды

07 желтоқсан 2017 279

6-шы желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткізген телекөпір шеңберінде алғаш рет  жаңа өнім – «Агрофирма «Родина» ЖШС базасында «НӘР» синбиотигінің өндірісі іске қосылды.

«НӘР» синбиотигінің өндірісі ҚР БҒМ ҒК «Ғылым қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерциялау жобасын гранттық қаржыландырудың арқасында жүзеге асты.

Бұл «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 64-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде өндіріске енгізіліп жатқан алғашқы қазақстандық өнім. Йогуртті Назарбаев Университетінің ғалымдары жасап шығарды, жеке серіктес ретінде «Агрофирма «Родина» ЖШС шықты.

«НӘР» синбиотигі – елімізде өндірілетін алғашқы атқарымды азық-түлік өнімі. «НӘР» бірнеше бірегей қасиеттерге ие: иммунитетті нығайтады, ұзақ ғұмыр кешуге септігін тигізеді.   

Өндірісті іске қосу салтанатына «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, Назарбаев Университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин және «АФ «Родина» ЖШС бас директоры Иван Сауэр қатысты.  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено