ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстанда ғылыми гранттар қалай таратылады

27 қаңтар 2018 4413

Қоғамда Қазақстанда ғылыми гранттар қалайша таратылатыны туралы сауалдар жиі туындайды. Бұл мақалада біз ғылыми зерттемелердің гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылуы қалай жүзеге асырылатыны туралы толығырақ айтып береміз.

«Ғылым туралы» заңға сай Қазақстанда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру келесі түрде жүзеге асырылады: базалық, гранттық және бағдарламалық-мақсатты. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты елімізде ҚР Үкіметі, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (ЖҒТК), Ұлттық ғылыми кеңестер (ҰҒК), уәкілетті органдар және салалық уәкілетті органдар анықтайды. Салалық уәкілетті органдардың қатарына денсаулық сақтау, қорғаныс, ақпарат және коммуникациялар, энергетика және т.б. министрліктер жатады.

«Ғылым туралы» заңның қабылдануымен республикамызда жаңа ғылым моделі жүзеге асырылады, жәнеде Ұлттық ғылыми кеңес оның маңызды құрамасы болып табылады. Қазақстанда гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде ғылыми гранттарды таратумен тікелей ҰҒК айналысады, оның құрамы ҚР Үкіметімен бекітіледі. ҰҒК гранттық қаржыландыруға әрбір өтінімдер бойынша шешім шығарады. Сонымен қатар бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға үмітті бағытты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды қарастырады және қаржыландыру сомасын көрсететін қаржыландыруды құптау немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешім шығарады. 

Еліміздегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамыту үшін стратегиялық басымдылықтар анықталады, оларға негізделе отырып, ҰҒК бекітіледі. ҰҒК жаңа құрамы 2017-ші жылдың 26-шы желтоқсанында Үкімет Қаулысымен анықталып, өз жұмысын осы жылдың 8-ші қаңтарынан бастады. ҰҒК ҚР білім және ғылым министрлігінің құрылымдық немесе бағынышты органы емес екенін  атап айту өте маңызды. ҰҒК қызметі тәуелсіз және дербес болып табылады.  

ҚР Үкіметінің 2017-ші жылғы 15-ші қыркүйектегі Қаулысына сай ағымдағы жылға ҰҒК келесі тізімі бекітілген:

1) "Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар және технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

2) "Энергетика және машина жасау" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

3) "Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, ғылыми зерттеулер" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

4) "Өмір туралы ғылым және денсаулық" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

5) "Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

6) "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес;

7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия белгісі жоқ)" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

Кеңес мүшелері салалық уәкілетті органдар мен ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізіне сүйене отырып беделді қазақстандық және шет елдік ғалымдар, бизнес өкілдерінен құралады. ҰҒК құрамына іріктеуден өткен тұлғалар ғылыми зерттемелерді қаржыландыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті.

Ғылыми жобаларды қаржыландыру немесе одан бас тарту туралы шешім ҰҒК отырысында қабылданады. Бұл отырыстар барлық мүшелерді шақырту немесе нақты уақыт режимінде интернет-мәжіліс ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Шешім қабылдау үшін міндетті түрде кворум болуы тиіс – кеңес мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігі болуы керек. Жалпы жиналыс өткізілмес бұрын барлық мүшелерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) нысандарының тізімі мен олардың ресми қорытындылары жіберіледі. ҰҒК отырысының күн тәртібі де барлық қатысушылар арасында алдын ала жарияланады. 

Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін отырыстың аудио- және бейне жазуы өткізіледі, бұл да нормативті құқтық актілерде жазылған. Кеңестердің дауыс берулерінің хаттамалары, аудио- және бейне таспаға жазулары Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында сақталады. 

Әр отырыс соңында құпия дауыс беру өткізіледі: қатысушы жүйеге ену үшін құпиясөзді енгізеді, «иә», «жоқ» немесе «қалыс қалды» нұсқаларының бірін таңдайды. «Аяқтау» командасынан соң жүйе автоматты түрде дауыс беру нәтижелерін береді, жәнеде оған өзгерту енгізу мүмкін емес. Жүйе дауыс берген тұлғаның жеке мәліметтерін көрсетпейді, соның арқасында дауыс беру қорытындысына қандай да бір өзгертулер енгізуге жол берілмейді. ҰҒК үзінді көшірме түріндегі ғылыми өтінімді құптау немесе құптамау туралы шешімі ҚР БҒМ Ғылым комитетіне жіберіледі. 

Осылайша, гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға байқау бойынша шешім қабылдау рәсімі ведомстволық сипатқа ие емес, ашық көп кезеңді жүйе болып табылады. Аталмыш процесске сырттай оларға ешкімнің ерік білдіруі әсер ете алмайтын тәуелсіз және құзіретті сарапшылар қатысады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено