ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстан Республикасы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті

10 сәуір 2018 405

2018 жылы 10 сәуірде Алматы қаласында, «Ғылым ордасы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс  болып өтті.

Жиналысқа Қазақстанның академиктері мен белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, ұлттық және ұжымдық қолданыстағы инженерлік зертханалардың басшылары, жас ғалымдар, өзге де қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиналысты Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж. Жұрынов ашып, ғылыми қоғамдастықты төл мерекесімен құттықтады. 

Білім және ғылым вице-министрі Ешенқұлов Т.И. сөйлеген сөзінде Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиевтің еліміздің ғалымдарына деген сәлемдемелік жолдауын жеткізді, сонымен қатар қатысушыларға ғылымның ағымдағы жай-күйі мен оның даму болашағы туралы баяндап берді.  

Осы жиналыс барысында ғылымның дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға ҚР БҒМ ведомстволық марапаттарын, ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамоталары мен алғысхаттарын табыстау ресімі өтті. 

Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, ҚР БҒМ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ымен бірлескен жобасының аясында ведомствоға қарасты ҒЗИ жас ғалымдарына Алматы қаласында 120 пәтер бөлінді, бұл жалға берілген пәтерлерді болашақта сатып алу мүмкіндігі бар. Жүзеге асырылған іс-шара аясында жас ғалымдарға 10 пәтердің кілті табыс етілді.

Аталмыш іс-шарада сөз алған ғалымдар өз кезегінде Елбасының ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту, қоғамдық сананы рухани жаңғырту және Қазақстан ғылымын  заманауи деңгейге шығару бағытындағы саясатына қолдаушылық танытты.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено