ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстандық ғалымдар «Ғылым көшбасшысы - 2017» марапатына номинацияланды

03 қараша 2017 423

Web of Science Core Collection ақпараттық ресурсының 2014-2016 жылдарға арналған мәліметтері бойынша жарияланым белсенділігі және дәйексөзге алыну көрсеткіштерінің жоғары болғаны үшін берілетін жыл сайын өтетін «Ғылым көшбасшысы» тәуелсіз марапатын табыс ету салтанаты 8-ші қарашада Алматы қаласында өтеді. Шараны Clarivate Analytics компаниясымен бірлесе отырып Ұлттық мемлекеттік-техникалық сараптама орталығы ұйымдастырып отыр.   

Салтанатты шараның қонақтары ҚР Білім және ғылым министрілігінің өкілдері, Қазақстан мен Ресейдің ғылыми, білім беру, саяси және экономикалық орталарының өкілдері болады.

Марапаттау рәсімі екі номинация бойынша өтеді: қазақстандық баспалардың көшбасшысы; шет елдік қосалқы автордың қатысуынсыз дайындалған, дәйексөзге алу деңгейі жоғары қазақстандық мақаланың авторы. Сонымен қатар марапаттау рәсімінде  Elibrary.RU Ғылыми электронды кітапханамен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылады.

Салтанатты шара 8-ші қарашада сағат 10:00-де Алматы қаласы, Бөгенбай батыр к-сі, 221, акт залында өтеді.

Шараға қатысу үшін www.nauka.kz сайтында 6-шы қарашаға дейін тіркелу қажет. Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуларыңызға болады: +7 727 378 05 78, email: 3780544@bk.ru.

  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено