ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

12 қазан 2018 362

2018 жылғы 8 қазанда Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің (бұдан әрі - Қ.А. Яссауи ат.  ХҚТУ) ректоры Б.С. Әбдірәсілов пен Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры (бұдан әрі - Орталық) Е.М.Раманқұловпен кездесу өтті. Кездесу барысында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын, оның негізгі мақсаты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мен жас мамандардың заманауи технологияларды меңгеруі үшін оңтайлы жағдайлар қалыптастыру болып табылады.

Сапар барысында Орталық қызметкерлері университеттің оқытушыларымен және студенттерімен кездесулері болды. Кездесулер барысында Орталықтың бас директоры Е.М.Раманқұлов медициналық пен  экологиялық биотехнология, молекулалық генетика және биоинженериясы саласында зерттеулер жүргізетін, ветеринария, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін технология мен препараттар әзірлеп шығаратын биология мен биотехнология саласындағы Қазақстандағы ең ірі ғылыми орталық болып табылатын Орталықтың қызметі туралы баяндап берді. Орталық зертханаларының меңгерушілері М.К. Жабағин, П.В. Тарлықов и З.Т. Шульгау «Қазақстанның заманауи биотехнологиясының игі жетістіктері», «Генетика және шежіре», «Қазақстан аумағындағы байырғы қойлардың ДНҚ-сына генетикалық зерттеулер және қойлардың қазіргі заманғы тұқымдарының шығу тегі», « Жүзім мен жабайы өсетін жидектердің полифенол концентраттарының цитопротекторлық қасиеті», «Зертханалық жануарларды пайдаланумен биомедициналық зерттеулер», «Виварий құрал-жабдықтары және оның жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыпта дың оқушылары мен профессорлық-оқытушы құрамына бірнеше дәрістер оқыды. Сондай –ақ сапар барысында Орталықтың делегациялары Экология ғылыми-зерттеу орталығымен, Экология ҒЗИ жанындағы жылыжаймен және Қ.А. Яссауи ат.  ХҚТУ-дың виварийімен танысты.

Өткізілген келіссөздердің нәтижесінде Орталықтың зертханаларында Қ.А. Яссауи ат.  ХҚТУ-дың магистранттары мен докторанттарының біліктілігін арттыру туралы, сондай-ақ агроғылым және геногеография саласында бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу мен өткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено