ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Инновациялық өнім – «НӘР» синбиотигінің жетілдірілген дизайны бар қаптамада шығарылуы

26 сәуір 2018 4323

25 сәуір 12.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылдық округінде жетілдірілген дизайны бар қаптамадағы «НӘР» синбиотигінің өндірісі басталды.  

«НӘР» синбиотигі – елімізде өндірілетін алғашқы атқарымды тағам өнімі. «НӘР» бірқатар бірегей қасиеттерге ие: иммунитетті нығайтады және белсенді ұзақ өмір сүру қабілетіне септігін тигізеді.

Шараға Ғылым қорының басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, Назарбаев университеттің University Medical Center корпоративті қорының басқарма төрағасы Жақсыбай Жұмаділов, «Агрофирма «Родина» ЖШС бас директоры Иван Сауэр қатысты. 

Осылайша, клиникалық зерттеулер нәтижелері бойынша қант диабеті, артериалды гипертензиясы, семіздік пен артық салмағы, метаболизмдік синдромы және кардиоваскулярлық дерттері бар адамдарға өнімнің терапевтік тиімділігі бар екені, сондай-ақ колоректальді қатерлі ісіктің алдын алуға септігін тигізетіні дәлелденді. 

Бұл «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» 64-ші қадамын жүзеге асыру шеңберінде лицензиялық келісім құру арқылы өндіріске енгізіліп жатқан қазақстандық ғылымның алғашқы өнімі.

Индустриаландыру күні өткен телекөпір кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Родина» агрофирмасының базасындағы

қазақстандық ғылымның жаңа өнімі – «НӘР» синбиотигінің өндірісін іске қосқан болатын. Назарбаев университеттің ғалымдары «Агрофирма «Родина» ЖШС технологтарымен бірлесіп жаңа технологиялық желі базасында жасап шығарылған синбиотик өндірісі технологиясының өнеркәсіптік сынамасын өткізді. Барлық технологиялық режимдер игерілді, технологиялық қызметкерлердің өзара әрекеттесуі бойынша шаралар реттелді. Өнеркәсіптік сынақ өткізілген соң тұтынушылар үшін өнімнің тартымдылғын ұлғайту мақсатында өнім қаптамасының дизайнын жетілдіру бойынша жұмыстар басталды. 

Осылайша, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін гранттық қаржыландыру байқауының нәтижесі бойынша 2016-шы жылдан бастап «НӘР синбиотигін – сапалы ұзақ өмір сүруге арналған өнімді өндіріске енгізу» жобасы жүзеге асырылып келеді. Назарбаев Университеттің National Laboratory Astana жекеменшік әріптес – «Родина» агрофирмасымен бірлесіп оның жеңімпазы атанды.

Жоба шеңберінде синбиотикті өндіруге арналған және тағамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Родина» агрофирмасының өндірісітік базасында микробиологиялық зертхана құру үшін жабдықтар сатып алынып, орнатылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамын» жүзеге асыру аясында ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу қажеттілігі туралы айтылған болатын, басым бағыттардың бірі ғылыми зерттемелерді коммерциялау екені атап айтылды.

Ұлт жоспарының 64-ші қадамын жүзеге асыру аясында 2015-ші жылдың соңында «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау туралы» ҚР Заңы қабылданған.

Ғылыми зерттемелерді коммерциялау нарыққа жаңа және жетілдірілген өнімдер, қызметтер немесе процесстерді шығару мақсатында ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді тәжірибе жүзінде пайдаланумен байланысты (коммерциялық әсер алу үшін).

Аталмыш Заңды жүзеге асыру шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ 2016-шы жылы байқаулық негізде жүзеге асырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (әрі қарай ҒҒТҚН) коммерциялау бойынша жобаларды гранттық қаржыландыру операторы болып анықталды.

Бүгінгі таңда 2016 және 2017 жылдары өткізілген Байқаулардың нәтижелеріне сай ҒҒТҚН коммерциялау бойынша 96 жоба жүзеге асырылу барысында.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено