ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындағаны үшін өтемақы төлеу шарттары туралы

29 қараша 2017 487

Ғылым комитеті ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша шарттың (бұдан әрі – шарт) 3-тармағының 3.2) тармақшасына сәйкес  шарт бойынша түпкілікті төлем ұсынылған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) бойынша қорытынды есептер мен бөлінген қаражатты пайдалану туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) алғаннан кейін жасалатынын хабарлайды.

Сонымен қатар, шарттың 4-тармағы 4.4) тармақшасына сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге 2017 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылған қорытынды есепке және орындалған жұмыстардың актісіне (бұдан әрі - акт) мемлекеттік техникалық сараптама қорытындысын ұсынады.

Бұдан басқа, есепте ұсынылған ақпараттың шынайлығы үшін Орындаушы заңмен белгіленген тәртіпте жауап береді.

Осыған байланысты, орындаушыларға ғылыми жобалар / бағдарламалар бойынша соңғы төлемді уақытында төлеу үшін шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей

МҒТС-ның қорытындысы;
2017 жылғы кезеңге бөлінген қаражаттарды пайдалану туралы есеп 2 данада (растайтын құжаттарсыз);
4 тоқсанда орындалған жұмыстардың актісі 2 данада;
Қаламмен, тірі мөрмен қол қойылған хабарлама тапсыру қажет.
Соңғы төлем Комитетке осы құжаттарды және Мемлекеттік ғылыми кеңестің оң шешімін тапсырған күннен бастап  2017 жылдың 23 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Төраға                                                                                                                           Б. Әбдірәсілов

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено