ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғылым саласын жетілдіру тұжырымдамасының жобасын талқылау

31 қазан 2018 355

2018 жылғы 30 қазанда Алматы қаласында («Ғылым ордасы» ғимараты) Білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов ғылыми қауымдастықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ғылымды қаржыландыру жүйесіне өзгерістер енгізу, университеттік ғылымды дамыту және жас ғалымдарды ынталандыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың                 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауы шеңберіндегі тапсырмаларды, сондай-ақ 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі салалық министрліктермен және ғылыми қауымдастықпен бірлесіп әзірлеген Ғылым саласын жетілдіру тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Талқылауға жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және жас ғалымдар қатысты.

Кездесуде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т. Балықбаев, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары Ә. Сатыбалдин, А. Медеу, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының президенті Ә. Ыбыраев, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Могильный С.В.  т.б. сөз сөйледі.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено