ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғылым комитеті ғылым туралы НҚА-ға өзгерістерді талқылауға барлық мүдделі түлғаларды шақырады.

03 тамыз 2018 1021

Ғылым туралы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобы өз жұмысын аяқтады. Оның құрамына ҚР ҰҒА, ҚР АШМ, ҚР ҚАӨМ, ҚР ҚМ және ғылыми ұйымдар өкілдерінен 14 адам кірді.    

Жұмыс тобы келесідей ғылым саласындағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстар әзірледі:

  • «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысы;
  • «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы    № 575 қаулысы
  • «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 891 қаулысы.

ҰҒК туралы Ереже а.ж. 5 шілдесі мен 19 шілдедесі аралығында legalacts.egov.kz ашық порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылған.

Сонымен қатар, жоба а.ж. 20 шілдеде қарастыру үшін ҚР ҰҚП «Атамекен», ҚР БҒМ Қоғамдық кеңесі және ҚР ЖОО Ассоциациясына жолданған болатын.

Жоғарыда көрсетілген өзгертулермен барлық мүдделі тұлғалар  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1946251 бойынша танысып, ұсыныстарды  r.mukysheva@edu.gov.kz, Мұқышева Раушан Кокеновна- Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік мониторингтеу басқармасының басшысына жолдауға болады. Көрсетілген жобаға берілген ұсыныстар мен өзгертулер  қорытынды жобаны әзірлегенде қолданылады.

Қазіргі уақытта ҰҚП «Атамекен» және  барлық мүдделі мекемелерден түзетулерді талқылау және ұсыныстарды жинақтау ғана жүріп жатқанына назарларыңызды аударамыз.

Қорытынды жоба соңғы талқылау үшін қоғамға ұсынылады және мүдделі мемлекеттік органдарға  жіберіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы № 575, № 891 Қаулы жобалары  қоғамдық талқылау үшін legalacts.egov.kz ашық порталында орналастыру қарастырылуда.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено