ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Ғалымдар өмір мәнісі туралы

05 қазан 2017 561

Сергей Колчигин – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері

Ерлан Раманқұлов  –  биохимия саласында Ph.D, Ұлттық биотехнологиялар орталығының бас директоры

Жақсылық Сәбитов  –  тарих саласында Ph.D

Артем Козловский  – ядролық физика институтының Астана филиалының қатты дене физикасы зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы

Анатолий Косиченко – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері

Сергей Колчигин: «Өмірдің мәні неде? Өмірдің болмысы неде? Өмір деген не? Әрине, бұл ежелден келе жатқан сұрақ. Мыңдаған жылдар бойы адамдарды алаңдатып келеді. Жалпы өмірді өзін өзі дамыту, өздігінен жылжу, өзіне сәйкес өндіру ретінде сипаттауға болады. Адамның өмірі биологиялық процесске, ғасырлар бойы расталған химиялық процесске болсын келіп тіреле ме? Жоқ әрине, адамның өмірі өзге зат. Нағыз адамгершіліктің рухы тек ішіндегіні беруге, сүюге, қоршаған ортаңа жоқ нәрсені сыйлауға негізделген. Адамның ғаламдағы міндеті мен мақсаты – жай ғана энергия таратушы ғана емес, ғаламға жаңа бәр сіттер енгізу болып табылады. Әйтпесе адамның өмірі жануардыкінен еш айырмашылығы болмас еді. Дүниеге келді, тамақтанды, көбейді, өлді. Мүмкін адам бір шексіз мәнге, болмыстың шексіз құндылығына ие болар, жәнеде шексіз өмір де сүруі мүмкін». 

Ерлан Раманқұлов: «Өмір дегеніміз – шын мәнісіне келер болсақ, қадағаланатын жағдайда біздің клеткаларымызда болып жататын химиялық реакциялар тізбегінің өзара байланысы. Әрбір түр өзін өзі шығарады. Жәнеде өзін өзі шығаруда анағұрлым жетік, анағұрлым көп болуға, сонымен қатар кең шеңберде, түрлі экологиялық тауашада болуға тырысады. Бұл ретте біз өзімізді жер бетіндегі ең маңызды, жетілген ағза түрі ретінде қабылдауға үйреніп қалғанбыз. Ол әрине жалған. Өмір мәнісі туралы бұл абстрактілі, күрделі интеллектуалды сауалдар біздің басымызда пайда болады. Сыртқы әлемде олар осындай түрде болмайды. Жер планетасы және басқа да түрлер бізбен не болып жатқанына кереметтей уайымдамайды. Егер біз түр ретінде планетадан жоғалып кетсек, басқа түрлер осыған қатысты қатты налымайды. Біреулер үшін өз есімін ғасырлар бойы есте қалатындай етіп қалдыру өте маңызды. Тағы біреулер үшін осы өмірді жайлы және жағыды өткізу маңызды, ал басқаларына болса өзінен кейін ұрпақ қалдыру, балаларын өсіру, олардың өздерінен де табыстырақ болғаны маңызды. Демек бұл маңызға ие мақсаттар. Әркім өзі үшін өзі шешім қабылдайды».

Жақсылық Сәбитов: «Тарихи тұрғыдан қарасақ, өмір әр дәуірде әртүрлі болған. Демек, шартты түрде айтар болсақ, аграрлық және индустриалдық дәуірге дейін адам өмірі былайша айтқанда «құнсыз» болатын. Ол дегеніміз, адам өмірі жануарлардың өмірінен ерекшеленбеген. Өркениеттің дамуымен адамның өмірі қымбатырақ бола бастады. Егер мысал келтірер болсақ, 19-ші ғасырда бір тамаша тарихи оқиға болған. Ол кезде еуропалық және ресейлік саяхатшылар біздің аумаққа, Қазақстанның оңтүстік аймағы, Бұқар хандығына келген. Сол кезде Бұқар әміріне басы шабылған адамның портреті қалай салынғаны ұнамаған. Сол кезде ол өзінің құлын шақырып, шынында кесілген бас қалай болуы керектігін көрсету үшін оның басын кесіп тастаған. Егер бір қазақтардың қоғамын алар болсақ, бізде қазақтарда дала демократиясы болған, оған сай адамның өмірі бағаланған. Ол дегеніміз, біздің хан  Азияның оңтүстік бөлігіндегідей бостан бос адамды өлтіре сала аламаған. Себебі әр адамның өз қорғаны болған. Егер біз 20-шы ғасырды алар болсақ, кеңес үкіметі кезінде адам өмірі еш құнсыз болған, оны емін еркін қия салуға болатын еді. Себебі түрлі сынақтар өткізілді. Барлығын ауқымды түрде Екінші Дүниежүзіліқ соғысы және одан кейін пайда болған ядролық қару өзгертті. Ал қазір адамның өмірінің қымбаттағаны соншалық, митингте қайтыс болған ондаған адамның өмірі үкіметтен кетуге дейін апарған. Әрбір адам өзінен кейін із қалдыруы тиіс деп ойлаймын. Жәнеде оған қол жеткізу үшін міндетті түрде қарулы соғыс өткізбей-ақ, еліміздің азаматтық қоғамында жақсы адам болып, өз есіміңді қалдыруға әбден болады».

Артем Козловский: «Өмір дегенге физика тұрғысынан қарайтын болсақ, ол барлық физикалық процесстерді сипаттап беру мүмкіндігі деп ойлаймын. Дәлірек айтсақ, деректер бойынша адаммен жасалғанның барлығы физика, қозғалыс процесстерінің барлығы – ол физика. Физика тұрғысынан өмірдің мәнісі не десек, ол - беймәлім затты танып білу, бар проблемаларды шеше алу дер едім. Шын мәнісіне келер болсақ, біз үлкен физикалық процесспіз, яғни бізге өмір сүруге мүмкіндік беретін, бізді дамытатын процесстерді жасаймыз. Біз қозғаламыз, оның өзі физикалық процесс. Біз ойлаймыз, ойлар туындайды, ол да физикалық процесс».

Анатолий Косиченко: «Дінде барлығын, оның ішінде адамды да Құдай жаратқан делінеді. Жәнеде адам өз өмірін дүниеге жететіндей етіп сүруі тиіс. Сондықтан өмір мәнісі де, негізгі басымдылық та, бағдар да осыған бағытталған. Қазіргі заманда терең сенімге жағдай жасайтын жайттар аз. Тіпті діни құндылықтаға сай, мемлекетте, қоғамда өзін ұстау нормаларына сай өмір сүруге жағдай жасалмайды. Соңғы бір жарым ғасырда белсенді етек жайып келе жатқан басқа құдылықтар басым болып тұрған кезде, өмірге енгенде, және үстем болғанда діни құндылықтар қоғамдық және мемлекеттік өмірден шеткері қалып қояды. Барлық әлемдік діндер бір құндылыққа негізделеді. Шексіз өмір сүру мақсатына жету әр дәуірде әртүрлі болған болған. Алайда діни құндылықтар әрдайым бірдей болып қал».

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено