ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Елордада ғылымның даму әлеуеті талқыланды

14 ақпан 2018 2395

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде 2018-ші  жылдың 13  ақпанда ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысының шеңберінде «Ғылым саласына жас мамандарды тарту саясатын қалыптастыру» тақырыбында секция отырысы өтті.

Оған ғылыми ұйымдардың басшылары мен жоғары оқу орындардың ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлары қатысты. Секция барысында ғылым саласына жас мамандарды тартуға қатысты өткізілген және жоспарланған жұмыстар тыңдалды.

Ғылыми қоғам ғылым саласының қазіргі жағдайы, сондай-ақ  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018  жылғы  10  қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының шеңберінде еліміздің одан әрі дамуының келешегі туралы мәселелер талқыланды. Қазақстандық ғылымның жаңа бастамалары мен басымдықтарын іске асыруға арналған келесі тәсілдемелер мен шаралар қарастырылды:

-  металлургия, мұнайгазхимия, агро-өнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар саласындағы зерттеулерге бағытталған басымдықтар арқылы жоғары оқу орны ғылымын дамыту;

-  қолданбалы ғылыми зерттеулердің ағылшын тіліне кезеңмен өтуін жүзеге асыру;

-  барлық қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-құрастыру жұмыстарды жеке сектор тарапынан ортақ қаржыландыру, ғылымға бизнесті жұмылдыру;

-  ғылыми гранттар шеңберінде квота бөлу арқылы жас ғалымдарды қолдау.

Сонымен қатар қолданыстағы ғылымды басқару жүйесін жетілдіру мәселелері, оның ішінде ғылыми зерттеу ұйымдарын корпоративті басқару жүйесін енгізу, ғылымды сандық жүйеге ауыстыру, ҒЗИ басшыларын тағайындау рәсімдерін жетілдіру, ғылымдағы менеджерлердің жаңа генерациясын әзірлеу және тағы да басқа мәселелер қарастырылды. 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено