ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Болатбек Әбдірәсілов жұмыс сапарымен Шығыс-Қазақстан облысында болып қайтты

02 наурыз 2018 854

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында  2018 жылғы 1 наурызда БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Б.С. Абдрасилов Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде  іссапармен болды.

Комитет төрағасы ғылымды дамытудың басымдықтарымен таныстырды, сондай-ақ  негізгі басымдықтарды іске асыру жөніндегі шаралар жайында кеңірек тоқталып, Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту туралы заң жобасына қатысты түсініктеме берді.

Кездесу аясында ғылымды басқарудың қолданыстағы жүйесін, нормативтік-құқықтық базасын және ғылыми инфрақұрылымды жетілдіру бойынша атқарылатын жұмыстарды баяндады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено