ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті – Ғалымдар атқарылған жұмыс актілерін e-mail арқылы тапсыра алады

02 қазан 2018 1722

Білім және ғылым министрлігі ғалымдарға жүктелген жұмыстарды төмендету бойынша  жұмыстарды жағастыруда.

Ғылым комитеті а.ж. қазанда гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде құжаттарды алдын ала қарастыру регламентін бекітті және жобалар/бағдарламалар  бойынша атқарылған жұмыстар актілерін қабылдауды бастады.

Жаңа регламентпен атқарылған жұмыстар актісін, қаржылық есептерді, келісімшарт жобаларын  және басқа құжаттарды қарастыру және келісу тәртібі қарастырылған. Осындай шаралармен Ғылым комитеті ғалымдардың жоғарыда  көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде бірнеше күндік кезекте тұруын жоюды көздеп отыр. Комитет басшылары ғылыми зерттеулер жұмыстармен айналысуға жеткілікті уақыт болу үшін ғалымдарға жүктелген жұмыстарды барынша төмендету жоспарлауда.  

Осыған байланысты, барлық ғылыми-техникалық субъектілері Ғылым комитетімен қарым-қатынасты және құжаттарды алдын ала қарастыру тәртібін реттейтін қол қойылған Келісімнің түпнұсқасын  Ғылым комитетіне ұсыну қажет.

Актлерді алдын ала қарастыру грант алушылардың  қалауынша электронды және қағаз форматында жүзеге асырылуы мүмкін.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено