ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Астанада ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті

06 желтоқсан 2017 232

2017-ші жылдың 4-ші қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігіні Ғылым комитетінің Ұлттық биотехнологиялар орталығында ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Отырыс алдында Комитет мүшелері ғылыми зертханалардың жұмысымен, сондай-ақ Ұлттық биотехнологиялар орталығының ғылыми жобалар нәтижелерінің көрмесімен танысты. Отырыс барысында еліміздегі биотехнологиялық ғылымның даму мәселелері және ғылым мен ғылыми-технологиялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, сонымен қатар коммерциялау мәселелері талқыланды.

Кіріспе сөзбен көпшілік алдына Комитет жетекшісі Бірғаным Айтымова шықты. Негізгі баяндамалармен Комитет мүшесі Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асланбек Әмрин, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Болатбек Әбдірәсілов, Ұлттық биотехнологиялар орталығының жетекшісі Ерлан Раманқұлов, сондай-ақ биотехнология саласында қызметтерін жүзеге асырып жатқан басқа да ғылыми ұйымдардың басшылары ортаға шықты.

Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Парламент Сенатының Қазақстандағы биотехнология ғылымын әрі қарай дамыту және оны коммерциялау бойынша ұсыныстары қабылданды. 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено