ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Астанада Франция инновациясы мен энергетикалық технологияларының тұсаукесері өтті

05 шілде 2017 214

Қоршаған ортаны қорғау және энергияны үнемдеу жөніндегі агенттігінің (ADEME)  «Француздық инновация және  экологиялық таза энергетикалық техналогияның  «Төменгі көміртегі  әлеміне қадам» конференциясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме алаңындағы Франция павильионында өтті. Іс-шара Француз және қазақ компаниялары арасында энергетикалық саланы өркендетіп, қамтамасыз ету  жолында өзара пікір алмасу  алаңына айналды.

«Қазақстан «Болашақтың энергиясы» деген тақырыпты тегін таңдап алған жоқ деп ойлаймын. Бұл баршамыз үшін тиімді. Әрине климатқа байланысты бірқатар үлкен проблемалар бар. Климатқа сәйкес Париж келісімнен кейін көптеген мемлекет атмосфераға қалдықтарды шығаруды азайту шараларын ұйымдастырып, бірқатар міндеттерді мойындарына алды,-деп атап өтті»,- конференцияда баяндама жасаған ADEME президенті Бруно Лешвен.

Сонымен қатар Б. Лешвен ADEME облыстағы қоршаған ортаны қорғау, энергетиканы тұрақты дамыту бойынша ұсынған жобалары жайында да айтып өтті.

«Болашақтың энергриясы тақырыбын қозғай келе ғылым жүйесінде тағы бір дем пайда болғанын сеземіз. Бүгінде Қазақстандағы көмірсутегі  қоры жаңартылған энергия көздеріне ауыстырылуда. Бұл бастама  «Қазақстан – 2050» стратегиясының «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында да лайықты баға ие болған. Қазақстан электр энергиясы жаңартылған энергия көздерінің  есебінен 2050 жылы экономиканың энергия сыйымдылығын қысқаратын болады,- деді ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің төрағасы Еркін Садықов.

Қазақстандағы ғылым қорының жұмысы жайлы ұйымның президенті Әнуарбек Сұлтанғазин айтып өтті. Спикер ғылыми-тенкикалық қызметті комерциялау, кәсіпкерлермен зерттеушілерді қолдау қордың басты жұмысы деп атап өтті.   

«Қазақстан бірнеше жыл бойы қоршаған ортаны сақтау және жасыл экономикаға көшу саясатын ұстауда. Қазір экологиялық проблеманы шешіп, «Жасыл экономикаға» көшу үшін  ғылыми-техникалық мүмкіндікті қосу қажет. Сонымен қатар экологиялық бағыттағы жобаларға қолдау көрсету керектігін нақтылады А. Сұлтанғазин.

Конференцияның екінші бөлімінде  ADEME қолдауымен ұсынылған инновациялық жобалармен стартаптардың тұсаукесері өтті: Қазір Францияда энергетикалық нарық өз  құрылымын өзгертуде. Атом энергиясынан бастап жаңартылатын энергия көздерін көшу - жел энергиясын, су электр, биомасса және биоотын алмастыру жүріп жатыр. Бұл жаңа саясат шикізатпен  энергияны 4 есе аз пайдаланып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Басты ірі жобалар құрылыс, көлік, энергетика және қалдықтарды шығару саласында жүзеге асырылады.

ENEKIO өндірістік инфрақұрылым компаниясының экологиялық және энергетикалық мәселелері, инновациялық шешімдері мен   қашықтан басқару барысын   Франк Лазер айтып берді. Жаңартылатын ресурстар, термодинамика және жылу негізделген компания әзірлемелері жайлы даму  директоры Андрей Уткин баяндады.

Шара барысында Назарбаев университетінен Жұмабай Бакеновтің «Батареялар институты» және Дастан Сарбасовтің  «Юрта Шелл» атты екі стартаптың тұсаукесері өтті.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено