ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Астанада Clarivate Analytics семинарлары өтеді

27 қараша 2017 486

Сіздерді 2017 жылдың 28-қарашасынан бастап 5-желтоқсанға дейінгі аралықта өтетін ғылыми жарияланымдардың өзекті мәселелеріне арналған онлайн-семинарларына қатысуға шақырамыз.

– Сізге мақалалар және есептерді дайындаудың әр түрлі кезеңдерінде біздің ақпараттық ресурстарымыздың қандай қызметі пайдалы?

 – Өзіңіздің пәндік салаңыздағы ең өзекті және әсерлі деген жарияланымдарды қалай табуға болады?

 – Халықаралық журналда жариялау барысы қандай?

– Ғылыми мақалаларға қандай талаптар қойылады?

 – Жауапсыз басылымдарға ұрынып қалмас үшін не істеу керек?

– Ұйымның жарияланым белсенділігін қалай бағалауға және оның тиімділігін ұқсас бағыттағы ұйымдармен қалай салыстыруға болады?

Семинарларымызда осы және басқа да сұрақтарды ортаға салатын боламыз және сізді қатысушылар қатарынан көреміз деп сенеміз!

Кесте (Астана уақыты көрсетілген):

1 Серия: Ғылыми жарияланымдардың авторларына арналған ақпараттық құралдар

28 қараша, сейсенбі

13:00 – 14:00  

Ғылыми жұмысты жазуға арналған өзекті дереккөздерді іріктеу (Web of Science) –ТІРКЕЛУ

15:00 – 16:00

Web of Science-та (ResearcherID) жеке авторлық бағытты жасау – ТІРКЕЛУ

29 қараша, сәрсенбі

13:00 – 14:00

ГОСТ және халықаралық журналдардың (EndNote Online) талаптары бойынша мақалаларды дайындау – ТІРКЕЛУ

15:00 – 16:00

Импакт-факторлары бар ғылыми журналдарды іздеу және талдау (Journal Citation Reports) – ТІРКЕЛУ

30 қараша, бейсенбі

12:00 – 13:00  

Ғылыми жұмысты жазуға арналған өзекті дереккөздерді іріктеу (Web of Science) –ТІРКЕЛУ

14:00 – 15:00  

Web of Science-та (ResearcherID) жеке авторлық бағытты жасау – ТІРКЕЛУ

16:00 -17:00   

Импакт-факторлары бар ғылыми журналдарды іздеу және талдау (Journal Citation Reports) – ТІРКЕЛУ

1 желтоқсан, жұма

12:00 – 13:00  

ГОСТ және халықаралық журналдардың (EndNote Online) талаптары бойынша мақалаларды дайындау – ТІРКЕЛУ

2 Серия: Ғылыми қызметті талдау үшін ақпараттық құралдар

1 желтоқсан, жұма 

14:00 – 15:00  

Web of Science-тағы ақпаратты іздеудің және талдау жасаудың тиімді техникалары

– ТІРКЕЛУ

17:00 – 18:00  

Халықаралық патенттік ақпаратпен жұмыс (Derwent Innovation Index) – ТІРКЕЛУ

4 желтоқсан, дүйсенбі

12:00 – 13:00  

Web of Science-та ұйымның бағытын жасау және қолдау – ТІРКЕЛУ

15:00 – 16:00  

Жарияланым белсенділігіне кәсіби баға беру (InCites) – ТІРКЕЛУ

3 Серия: Халықаралық журналдарда жариялау бойынша тәжірибелік ұсынымдар

5 желтоқсан, сейсенбі

13:00 – 14:00  

Жауапсыз басылымдарға ұрынып қалмас үшін не істеу керек – ТІРКЕЛУ

15:00 – 16:00  

Халықаралық журналдардағы жарияланымдарға қойылатын басты талаптар – 1сағ. – ТІРКЕЛУ

17:00 – 18:00  

Халықаралық журналдардағы жарияланымдарға қойылатын басты талаптар – 2сағ. – ТІРКЕЛУ

Ақпаратпен толық танысу үшін және қызықтырған семинарға қатысу үшін осы хаттағы сілтеме арқылы немесе  www.clarivate.ru сайтына кіру арқылы тіркеле аласыз.

Қатысушылар семинар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде сертификат ала алады. Енді сіз үш түрлі сертификатқа ие бола аласыз – толық ақпарат алу үшін сайттың «СЕРТИФИКАТТЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ» деген бөлімін қараңыз.

Барлық семинарлар тегін және орыс тілінде жүргізіледі. Семинарларға міндетті түрде тіркелу қажет, оған ертерек тіркелгеніңіз жөн.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено