ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Астанада ABC Quick Start не үшін ашылды

21 шілде 2017 314

Көптеген зерттемелер бастапқы кезеңнен-ақ жобаларды жүзеге асыру барысында тұтынушылар нарығына шыққанда сәтсіздікке ұшырайды. Оған себеп зерттеме жасаушылардың тәжірибесіздігінен бастап, ұсынылған өнімнің сұранысқа ие еместігі немесе оны нарыққа дұрыс шығармағандығымен байланысты. Бір жыл бұрын елордада Назарбаев университеттің «Бизнес инкубатор» жобасының алғашқы кезеңде бизнеске көмек көрсетуге арналған ABC Quick Start бастау алған болатын.

Бағадарлама жобаның барынша қысқа мерзімде белсенді дамуын қарастырады. «Бизнес инкубатор» директоры Болат Сұлтанғазин бағдарламаға қатысудың артықшылықтары жайлы және осы маусымдағы қатысушы-жобалар туралы айтып берді. Қазіргі таңда ABCQuickStart 94 командалардың ішінен 11 стараптарды іріктеп шығарған екінші акселерациялық бағдарламаны жүргізіп жатыр.

Жобаның мақсаты:

Осы жылы іріктелген жобалардың бірі «Мобигарден» - дербес немесе шатыр астындағы мобильді бау-бақша ұйымдастыру бойынша жоба болды.

Бұл бау-бақша нені білдіреді?

Мобиграден не үшін қажет?

- Біздің қала мен аймақтың негізгі проблемасы барлық ғимараттарда ылғалдылық деңгейінің төмендігімен байланысты. Ол жұмыс істеу қабілеттілігінің, жетістіктерге жету көрсеткішінің төмендеуіне және шырышты қабықтың кеуіп, инфекцияның тарауына болуына әкеп соғады. Біз ұсынып отырғандай, үй-жайды ылғалдандыруды ұлғайтқан соң, бұл көрсеткіштердің барығы жоғарылайды. Өсімдіктермен көмкерілген ұзындығы үш метр, биіктігі екі метрді құрайтын бір стеллаждың құны шамамен 150 мың теңге болады, - деп түсіндіді Ш. Айтжанов.

Назарбаев университеті түлектерінің жобасы – құрғақ трансформаторларды бақылау зияткерлік жүйесі.

Отандық құрастырушылардың бұл жүйесі трансформаторларға диагностика жасап, ақаулар шықпай тұрып олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Соның арқасында құрылғылардың істен шығу каупі төмендейді. Тесттік тексерістер әр секунд сайын жүргізіліп отырады, жәнеде ол туралы мәлеметтер арнайы бұлтты сервиске түсіп, тапсырыс берушілердің мамандары үшін қолжетімді болады.

Егіншіліктің дәлдігіне арналған картографиялық веб-сервис.

Айта кету керек, Назарбаев Университеті және бастау алып келе жатқан стартап-компаниялар, өнертапқыштар жіне инноваторларға арналған Astana Business Campus инновациялық кластерінің ABC Quick Start алғашқы акселерациялық бағдарламасы Астана қаласында Назарбаев Университетінің Технопарк алаңында өтті. Ұсынылған 132 таныстыру жобаларының ішінен акселерациядан өткен жеті ең үздік стартаптар іріктелді. Акселерациялық бағдарламаның бірінші джмо күні 2017-ші жылдың 3-ші ақпанында өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша компаниялардың бір бөлігі өз жобаларын іске қосу мүмкіндігін алса, қалғандары сатылым көрсеткіштерінің анағұрлым ұлғайғанын байқады.     

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено